Қалай жүкті болуға болады

Ананың құрсағында жаңа өмірдің пайда болуы үлкен бір тылсым дүние. Көптеген болашақ аналарда осы табиғи кұбылысты тездетуге байланысты ойларын мынадай сұрақтар мазалайды:«Бала қалай көтеруге болады» немесе «Қалай тез арада жүкті болуға болады».Мақалада осы сұрақтарға ретімен жауап беріп көреміз.

Сіз қанша «Қалай тез жүкті болуға болады?» деп ойлағаныңыз бен, ең алғашқы қадамды құрсақ көтеруге дайындықтан бастағаныңыз жөн. Маманның қаралуында болып өз денсаулығыңызда қандайда бір кінәраттың жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз. Егерде ағзаңызда тез жүкті болуға кедергі келтіретін қандайда бір қиыншылықтар болса, дер кезінде алдын алуыңызға болады.

бала қалай көтеруге болады

Дәрігелер құрсақ көтерместен 3 ай бұрын және одан соң да болашақ аналарға фолий қышқылын қабылдауға кеңес береді- ол плацентаның (баланың жолдасы) және болашақ нәрестенің жүйке трубкасының (болашақ орталық жүйке жүйесі) қалыптасуына өте керекті дәрумен. Себебі фолий қышқылы – ағза өздігінен бөліп шығара алмайтын В9 дәрумені, бірақ бұл дәруменді жүктілік басталмай тұрып жинап алу керек.

(Кез-келген дәрі-дәрмекті дәрігердің кеңесінен соң ғана қабылдауға кеңес береміз)

Диета дегеннен мүлдем бас тартыңыз. Егер арық әрі дене бітіміңіз сымбатты болғанын қаласаңыз бұған қоса ана болғыңыз келсе, көңіл-күйіңізді түсірейін сізге осы екеуінің біреуін ғана таңдау керек.

Егер сіз жүкті болуды таңдасаңыз дұрыс тамақтануды ұмытпағаныңыз дұрыс. Өйткені калориясы төмен тағамдарды  тұтыну фертилді кезеңде бөлінетін гормондарға кері әсерін береді. Мына нәрсені ұмытпаңызда дұрыс болады салмағыңыздың күрт өсуі немесе төмендеуі жүкті болу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Сол себепті өзіңіздің қалыпты салмағыңызды жүкті болмас бұрын реттеп алыңыз.

Болашақ әкеде жүктілікке байланысты дайындыққа міндетті түрде өз үлесін қосқаны жөн. Ол өз денсаулығына мұқият қарап бүкіл жаман әдеттерден оның ішінде : шылым шегу, алкаголь сияқты жаман әдеттерді айтпағанда жабысып тұратын синтетикалық іш киімдерді пайдаланбай, қандайда бір сәуле тарататын заттарды(телефон, ноутбук) беліне жақын жерде ұстамауы керек.

Бұл нәрселердің барлығы еркектің ұрық жасушаларының сапасына әсерін тигізеді.Сондықтанда бұл факторлардың өзі де әйелдің тез жүкті болу мүмкіндігіне кесі әсерін тигізеді.

Ерлі-зайыптылардың екеуінің де денсаулығының мықтылығы мен физикалық жағдайыңың жақсы болуы «жоспарлап» жүкті болуға ешқандай кепіл бермейді.

жүкті болу үшін

Алайда алғашқы қадамдарыңыздан ақ ойлағандарыңыз жүзеге аспай жатса еш түңілудің қажеті жоқ себебі денсаулығы мықты деген жұптардың өзіне жүкті болуға кемінде 6-12 ай кетіп жатады, бұл мерзімнің өзі денсаулықта бір кінәрат бар дегенді білдірмейді. Ең бастысы күйзеліске түспеңіз.

Көп жағдайда тез жүкті болғысы келген болашақ ана бір-екі талпыныстан соң салы суға кетіп еңсесі түсіп кетуі мүмкін. Бірақ бұл тірлікте ең бастысы жүктіліктің тез басталғаны емес, дені сау нәрестені дүниеге әкелу екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Өйткені күнделікті өмірде болатын қиыншылықтар мен «тезірек» бала көтеру керек деген мәселеңіз қосылып созылмалы күйзеліске әкеліп соғуы мүмкін,ал бұл өз кезегінде сіздің денсаулығыңызға әсірін тигізбей қоймайды. Әрине әрдайым шаттанып жүру өте қиын, бірақ сіздің мақсатыңыз күйзеліске әкеп соғатын кез-келген нәрселерден өзіңізді аулақ ұстауға тырысу.

Овуляцияны қалай анықтауга болады

Сайтымыздағы мына Овуляция күнтізбесін есептеу бетін пайдалануға кеңес береміз. Әр етеккір(менструальный цикл) циклінде сіздің жүкті болуыңызға болатын бірнеше күн ғана болады оны аналық жасушаның жетілуі (овуляция) деп атайды.  Жобамен әр екінші жұп жүктілікке әрекетті жайсыз уақытта жасайды. Өйткен олар осы қолайлы фертилді фазаның қашан келетінін білмейді.

Фертилді фаза— бұл кемеліне жеткен ұрықтануға дайын аналық жасушаның құрсаққа келіп түсуі яғни әйелдің жүкті бола алатын уақыты. Егер еркектік ұрық қынапқа фертилді емес кезеңде түссе ұрықтану процессі жүзеге аспайды .Өйткені бұл фазада еркектік ұрықты ұрықтандыра алатын жетілген аналық жасуша болмайды. Сіздерде бұл күнді қалай анықтаймыз деген заңды сұрақ туған болар мақаланы ары қарай мұқият оқимыз.

Сары дене гормонының бөлінуі

Овуляцияның жақындауына қарай әйел ағзасы эстроген атты гормонды көп мөлшерде бөле бастайды. Бұл өз кезегінде жатырдың шырышты қабатының қалыңдауына әкеліп, еркектік ұрықтың орналасуына қолайлы орта жасайды. Ағзадағы эстрогеннің көптігі сары дене гормонының күрт көбейуіне әкеледі. Осындай құбылыстардың нәтижесінде аналық без жетілген аналық ұрық жасушасын бөліп шығарады- овуляция дегеніміз осы.

овуляция деген не

Әдетте овуляция сары дене гормоны бөлігеннен кейін бір-екі тәулікте болады. Сондықтан да сары дене гормонының бөлінуі бала көтеруге қолайлы ең жақсы кезең яғни фертилді фаза.

Овуляция белгілері

Температураның көтерілуі

Әйел денесінің негіздік температурасы (қалыпты жағдайда) овуляцидан соң 0,4-10 °C көтеріледі.  Әдетте мұндай кішкене өзерісті байқамауыңызда мүмкін бірақ дәл көрсететін термометрдің көмегімен анықтауға болады.

Овуляция кезіндегі ауырсынулар

Шамамен алғанда бес әйелдің бірі овуляцияға байланысты ауырсынуларды сезінеді екен. Ауырсыну овуляцияның алдында, дәл сол кезеңде және одан соңда болуы мүмкін.  Овуляция кезіндегі ауырсынудың бірнеше себептері бар. Тікелей овуляцияның алдында фолликуланың өсуіне байланысты ол аналық бездің беткі қабатын созуы мүмкін бұл өз кезегінде ауырсыну тудырады.

Овуляция кезеңінде жарылған аналық жасуша фолликуласынан сұйықтық немесе қан бөлінеді және бұл құрсақ қабырғасының тітіркенуіне әкеліп соды.

Ауырсыну бірінші айда бір жағыңыздан сезілсе келесі айда екінші жағыңыздан немесе екі жақтан бірдей бірнеше ай қатарынан сезілуі мүмкін. Әдетте мұндай ауырсыну бірнеше минутқа ғана созылады, кейде бірақ сирек жағдайларда ұзақтығы(1-2 тәулікке) созылады.

Сіздерге мына мақалалар оқуға кеңес береміз:

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (9 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...


Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Кеңестеріңізге көп рахмет! Барлығы түсінікті етіп жазылыпты. Осы кеңестерді пайдалана отырып бала көтеремін деген ниетім бар.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!