Қыз бала тәрбиесі және денсаулығы

Қыз бала-болашақ жар,болашақ ана. Сондықтан әрбір ана өз денсаулығын күту керек. Ананың дені сау болса ,ондай анадан он екі мүшесі сау бала да дүниеге келеді. Әйтсе де, қазіргі таңда болашақ ана атанатын жас бойжеткен қыздардың өздері теріс қылықтарға, жаман әдеттерге әуестеніп келеді. Шылым шегіп,ащы судың дәмін татқан нәзік жанды адамнан қандай сәби дүниеге келмек?Сондай жат қылықтарды бойына місе тұтқаны ма?Болашақ өмірінің қалай болатынын неге ойламайды екен?
қыз бала тәрбиесі

Сондықтан қазірден бастап өсіп келе жатқан қыз балаларымызға ненің бұрыс ,дұрыс екенін түсіндіріп ,санасына сіңдіріп тәрбиелеу біздің,яғни ата-ананың міндеті.«Анаға қарап қыз өсер,әкеге қарап ұл өсер» дегендей,қыздарымыз бен ұлдарымызды әр түрлі өнерге баулып отырсақ ,жақсы жетістіктерден көрінетініміз анық.
Баланың қандай болуы бірінші ата-анасынан,сондықтан әр ананың денсаулығының дұрыс болуы бірінші жолда тұр.Бүгінгі жас ұрпақ біздің көз алдымызда есейіп келеді.Ана деген ардақты сөзге лайықты болу үшін қыз бала өз мінезіне сай сыпайылығын,инабаттылығын сақтау керек.Өз денсаулығына аса мән беру керек.Дұрыс тамақтанып,таза ауада серуендеп,әдеби кітаптар оқығанның адам денсаулығына пайдасы зор.Ана денсаулығының жақсы болуы әрине отағасына да байланысты.Үйде дау-жанжалдың шығуынан да аналардың жүйкесі де тозады.Олар ауырып жатып қалса ,қадірін сонда түсінеміз.Барлық жұмысымызды анамыз орындайды.Өз ортамызда анамыздың қымбат екенін түсініп,дендерінің сау болуына үлкен көмегімізді қосып отырайық.Отанымыздың дені сау ұрпақтарын көбейткіміз келсе ,нәзік жандылардың денсаулығына аса мән берейік!
Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы
№4 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Маған бастауыш сынып мұғалімі Сандибаева Жаннат ханымның жазған мақаласы ұнады. Өйткені өзім де отбасымда үш қыз бала тәрбиелеп отырған анамын. Сондықтан қыз бала тәрбиесі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлемін. Мақалада қыз балаға беретін тәрбие мен оның денсаулығы туралы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Расында да кейде тіршіліктің қарбалас сәттерінде балаларымызға толыққанды көңіл бөле алмай жатамыз. Бұл жерде қыз балалар ертеңгі жаны да тәні де сау абзал ана болу үшін дұрыс тамақтанып, кітап оқып, таза ауада серуендеу керек деп дұрыс айтылған Шынында да қазір кейбір қыз балаларымыз көбіне ұялы телефонмен уақыттарын өткізіп, кітап оқымайды, таза ауада серуендемейді. Бұл жағдайлар олардың ертеңгі денсаулығына зиянын тигізері сөзсіз. Бүгінгі нәзік қыздарымыз Отанымызға сау ұрпақ әкелетін ертеңгі аяулы ана екенін, сол «ана» деген ардақты атқа әрқашанда лайықты болу керектігін Жаннат ханым жақсы тілмен, жинақы оймен жеткізе білген. Рахмет сізге Жаннат ханым!!!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!