Тәрбиешілерге арналған байқау

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Қазақстанның бүкіл балабақша тәрбиешілерін «Үздік тәрбиеші» атты байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқау шарттары өзіңіздің өткізген немесе енді өткізетін ашық сабақ, сабақ жоспары, сценарий, циклограмма басқада тәрбиешілердің өзіне қажетті сапалы жұмысыңызды сайт бетіне жариялаңыз.

Байқауға қатысатын жұмысыңыз бұрын соңды интернет бетінде жарияланған материалдардан құралып, тек таблицалармен слайдтар болмауы тиіс(мұндай жұмыстар қабылданбайды). Тәрбие сағаты немесе ашық сабақ болса сол өткізілген іс-шараның бүкіл суреттерімен болғаны жақсы.

Жіберілген материал ең алдымен интернетте жарияланбағандығына және сапасына қарай тексеріліп қабылданады. Мүмкін өтіп кетер деген ниетпен интернеттен немесе компьютеріңізде сақталған 5-6 жылдық тарихы бар актуалдығын жоғалтқан яғни қазіргі тәрбиешілердің жұмысына қажетсіз материалды жіберіп редакторлардың уақытын алсаңыз сізден екінші қайтара ешқандай жұмыс қабылданбайды.

тәрбиешілерге арналған байқау

Байқауға жіберетін жұмысыңыздың тақырыбын және авторын яғни өзіңіздің толық аты жөніңізді, мамандығыңызды, жұмыс орыныңыз бен мекен-жайыңызды мақала ішіне жазып жіберіңіз. Материалдар сапасына қарай іріктеліп сайт бетіне жарияланады. Тағы бір байқаудың кішкене шарты осы бетті әлеуметтік желідегі парақшаңызда бөлісіп (бөлісу батырмасы төменде көрсетілген вк, фб т.б), сайтымыздың вк-дағы тобына тіркелген болуыңыз тиіс(міндетті түрде тексеріледі).Тобымыз жайлы мына беттен көруге болады.

Байқауға қатысатын материалдарды қабылдау 10.10.2017- 11.11.2017 аралығында жүргізіледі.

Қатысушылардың жұмысына дауыс беру 11.11.2017-12.12.2017 аралығында өтеді. Сайттың кез-келген оқырманы байқау қатысушыларына сайттың төменгі бөлігінде орналасқан әлеуметтік желілердің батырмасын басу арқылы дауыс беруіне болады. Біз жеңімпазды анықтауда осы дауыстарды және сайт қолданушыларының пікірлерінде ескереміз(Пікірді ауқымды және не үшін сізге ұнағандығын анықтап жазыңыз. «Жақсы», «Маған ұнады», «Тамаша» т.б с.с ешқандай дәлелсіз қысқа ғана жазылған пікірлер саналмайды). Бірақ ең соңғы сөзді яғни байқау жеңімпаздарын сайт әкімшілігі анықтайды.

Байқау жеңімпазына қандай сыйлықтар беріледі?

1- орынға 10 000 тг(кез-келген банк карточкасына аударамыз) + грамота (электронды түрде).

2- орынға 7 000 тг(кез-келген банк карточкасына аударамыз) + грамота (электронды түрде).

3- орынға 3 000 тг(кез-келген банк карточкасына аударамыз) + грамота (электронды түрде).

басқа қатысушылардың барлығы байқауға қатысқандығы жөніндегі грамотасын алады.

Жеңімпаздардың сыйлықтары байқау өткен соң үш күн аралығында көрсеткен карточкаларына аударылады.

Жұмыстарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жіберіңіздер. Сайт әкімшілігі ешқандай құндылығы жоқ деп тапқан кез-келген жұмысты түсіндірместен қабылдамауға құқылы.Сол үшін ең сапалы деп санайтын жұмысыңызды жіберіңіз.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

комментариев 6 Пікір қосу

  • Мен қатысқым келеді.Бірақ кеш емеспе?

    • Жоқ кеш емес, оқысаңызшы «Байқауға қатысатын материалдарды қабылдау 10.10.2017- 11.11.2017 аралығында жүргізіледі.»

  • Мен сиздерге ашык сабак фотосымен және слайд туринде жибердим алде дұрыс жибермедим ба али шыккан жок көликтер деген.сайыска тарбиеши дегенге

    • Саламатсыз, барлық материал кезегімен тексеріледі.

  • «Үздік тәрбиеші» байқауына қатысып көргим келеді. Ашық сабақтар суреттері бар. Бирак түсінбедім слайд болмайды ма? Материалды жиберсем ақшасын қайда төлеуге болады.
    Қанша материал жиберуге болады?
    Назарларынызға рахмет. Осындай байқаудың ұйымдастырылғаны қандай жақсы, жақсы мүмкіндік екен.

    • Саламтсыз, қатысыңыз. Тек слайд ғана жіберген жарамайды. Қанша қаласаңыз сонша. Қандай ақша? Біз қайта сізге береміз егер жеңімпаз деп танылсаңыз. Рахмет!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!