Менің мектебім

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Мен Даулетов Диас Облыстық туберкулез — санаториясы мектеп-интернатының 5-класс оқушысымын. Мектеп-интернат біздің “екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз”! Мектепте мен өзіме шынайы дос тауып, білім , өнегелі тәрбие алып жатырмын. Мектеп-интернат маған көп бақытты күндер сыйлады, тірек болды, жылулық пен бақыт сыйлады. Ал ұстаздарымыз болса, бізге білім үйретуден еш жалықпады.

мектебім шығарма.Мен өзім оқитын мектеп-интернаттың өз ерекшелігін таратып айтқым келеді.

Дүйсенбі – білім күнінде сынып оқушыларының апаталық оқу үлгерімі, күнделіктерінің тазалығын бақылап, қорытынды шығарып отырады. «Ең таза күнделік», «Ең үздік оқушы» номинациясы бойынша оқушылар мадақталады. Сонымен қатар мектеп ұстаздары «Интернат білгірі», «Білімді мыңды жығар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Дарабоз» т.б. өнер-білім сайыстарын өткізіп, сынып тәрбиешілері баспасөз беттерінен алынған саяси хабарлармен таныстырып отырады.

Сейсенбі – ойын күнінде тәрбиешілеріміздің ұйымдастыруымен «Алтын сақа», «Түсін мені», «Тапшы кімнің дауысы», «Ақ серек, көк серек» секілді ұлттық және логикалық ойындар ойнаймыз.

Сәрсенбі – музыка күнінде музыка пәнінің мұғалімі Г.М.Мединаның ұйымдастыруымен түрлі мерекелік шаралар, ән, би сайыстары, «Екі жұлдыз», «Ерекше сынып», «Мен және менің тәрбиешім» т.б. түрлі сайыстар өткізіліп тұрады.

Бейсенбі – спорт күні. Біздің мектеп-интернаттың оқушылары күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға дағдыланған. Мектептің артқы жағында спорт алаңы бар.Онда біз футбол ойынын ойнағанды жақсы көреміз. Сонымен қатар сынып аралық «Көңілді мәре», «Кім жылдам?», «Шынықсаң шымыр боларсың», «Толағай», «Салауатты өмір сүрейік», «Денсаулық- зор байлық» т.б. тақырыптарда спорттық сайыстар мен түрлі тәрбие сағаттары өткізіліп отарды.

Біз бұндай мектепішілік шараларға ұйымшылдықпен және қызыға қатысамыз.
Аптаның жұмасы әзіл-сықаққа, сенбісі көңілді кешке арналған. Жексенбі тазалық күні. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, тринажор залы, салтанат залы, кітапхана бар. Мен мектебімде ұнатамын. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін..

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!