Өнерлі өрендер №11 (3 сынып шығармашылығынан)

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

«Тәуелсіздікелдігімнің бастауы»

Отаным менің мекенім асыл ардағым,
Көк майса шалғын,айдынды сулар жанжағың.
Жасампаз жолда дамушы елім мәңгілік,
Самғай бер көкте,қазағым менің талмағың
Тұрғазина Нұрсая

Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздікелдігімнің бастауы.

Ебінов Жанарыс

Тәуелсіздікбақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Арманына жету үшін күрескені,
Тарихта шежіре боп қалған екен.

Серікбосынов Мұхамеджан

Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліміммен үлес қосамын.

Бауыржанұлы Нұралы.

Жадырап жарқын жүзіміз,
Жарқырап әрбір күніміз.
Ертеңінен елімнің ,
Үміт күткеннің біріміз.

Қарттарым мұңаймасын деп,
Сәбилер жыламасын деп.
Кешегі өткен тарландар,
Желтоқсанда ұрандап.

Намысты бермей қолынан,
Күрескен соның жолында.
Елім деп кеткен ерлерім,
Еркіндіті сендер әперген.

Еңсесі биік Елорда,
Мәңгілік ел бол қашанда.
Көктегі туым желбіреп,
Көк аспанда қыран құс
Самғай бер әлі биікте
Тыныштық бейбіт заман бол,
Тәуелсіз елім аман бол.
ШҚО.Абай ауданы,Архат ауылы
С.Бекбосынов орта мектебі

Жанатбекова Шырай

3 сынып оқушыларынан

«Менің ОтанымҚазақстан»

Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз біздің еліміз,
Қазақстан бай жеріміз.

Ебінов Жанарыс

Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліміммен үлес қосамын.

Серікжанова Тоғжан

Мен қазақпын ОтанымҚазақстан,
Тәуелсіз елді қорғайтынмен жас ұлан.
Сүйемін туған халқым, байтақ елімді,
Мақтан етем осындай ғажап жерімді.

Бейісқалиева Аяла

Отанымның кең байтақ қой даласы,
Көрік берді Астанадай қаласы.
Менің асқсқ армандарым бүгінгі,
Бір өзіңнен қуат алар ,қарашы.

Сүйеуқан Мәди

Қазақстан-байтақ өлкем

Қазақстанбайтақ өлкем.
Қазақстанбайтақ өлкем әдемі,
Мен өзіңді мақтан еткім келеді.
Тәуелсіздік мерекесі тойланып,
Жасай берші егемендік киелі.
25 жыл толды міне еліме,
Әсем байтақ қасиетті жеріме.
Мен де озат оқып,біліміммен,
Қоссам деймін үлесіңді өзіңе.

Ебінов Жанарыс

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын,
Көк байрағым тұғырда желбіресін.
Жер жаханға жайылсын елдігіміз,
Арқасы бұл Нұрсұлтандый атамыздың.

Сүйеухан Мәди

Тәуелсіздік мерекесі тойланды,
Халқым жеткен жетістігін ойланды.
Ел басқарған кемеңгер Елбасым,
Бола берші барша қазақ қорғаны.

Серікбосынов Мұхамеджан

ШҚО.Абай ауданы,Архат ауылы, С.Бекбосынов орта мектебі
3 сынып шығармашылығынан.

Сынып жетекшісі: Тілеухан Гүлмира Болатқызы

Өнерлі өрендер №10 (балалар шығармалары)

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!