Жол ережелері туралы тақпақтар

Жол белгілері

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген өкінішке қалады.

жол ережесі жайлы, тақпақтар, балаларға

«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,
«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде калдын ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.

Реттеуші

Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеушіні көрдім мен.
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек, тұрса
Реттеуші жолыңда.

Тік көтерсе таяқты,
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі
Сары шамы сияқты.
Кеудесімен бұрылса,

Қарап саған бетпе-бет.
Тұрғаны оның, ұғынсаң,
Жолды жаптым, өпте деп.

Арқа жағын қаратса.
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белі-
Қызыл түсі жанғандай,
Оң иық, не сол иық,
Бұрылғанда сен жаққа.
Тұрып қалма мөлиіп,
Алға карай тез атта.
Реттеуші бұрылды.
Бір қырындап тік тұрып
Жасыл жанды дегенді
Жүргіншіге ұқтырып.
Реттеуші бар көшеге.
Тап болса егер кімде-кім.
Тек сол берген белгіге
Көну оның міндеті.

Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:
Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,
Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.

Жолдан өткенде

Дастан деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерге.
Қауіпті ғой көше тым,
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін
Жаяу адам өтетін.
Асықпаймын аптығып,
Алдым мұны жақсы ұғып.
Күйсандықтың тіліндей,
Қатар-қатар ақ сызық.
Ортасында тұра қап,
Оңға, солға бір қарап,
Жолдың арғы шетіне
Жетіп алам жылдам-ақ.

Көлікке мінгенде

Қаламызда қырандай,
Самғар көлік табылар.
Троллейбус пен трамвай,
Автобустар тағы бар.
Автобусқа асығып,
Жолды кесіп өтпеймін.
Доп тепкендей асырып,
Бос қалбырды теппеймін.
Жол шетіне трамвай
Келе алмайды күтсең де.
Болу керек тым абай,
Мінгенде не түскенде.
Өзім барар бағыттың,
Нөмірін де білемін.
Ережеге қанықпын,
Артқы есіктен кіремін.
Жұрт аяғын баспаймын
Бүлдірмеймін, шашпаймын.
Жол ақысын «қоянша»,
Төлеместен қашпаймын.
Шаршап кейде жүрсем де,
Орын берем үлкенге.
Қатты шулап тұрмаймын,
Құрбылармен күлсем де.
Аялдама аттарын
Жаңылмастан жаттаймын.
Жолда жүру тәртібін
Мен осылай сақтаймын.

Қайырбек  Шағыр

Балаларға арналған тақпақтар жинағы

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (2 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Загрузка...

комментариев 49 Пікір қосу

  • Негізінде,жақсы сайт осы шумақтарды көшіріпе,5 алды балалар

  • копировать-ты басып world-қа ашасын

  • Қызыл,жасыл, Сары

  • Унады маган. Жастар улги алатындай манызды болсын осындай.

  • Сайт хорощий, но очень трудно зарегистрироваться, символы которые нужно ввести — их нет, линии какие то . только на 10ый раз появились

  • қалай көшіріп алса болады

  • мақала маған ұнады. мағынасы жақсы екен

  • Керемет материалдар бар екен, бірақ ештеңе ала алмай отырмын, тәрбиешілер қолдану үшін көп нәрсе алуға болар еді

  • маган багдаршам такпагы унайды

  • Енбек етсен ерынбей тояды карнын тыленбей

  • ote tamasha

  • айтындаршы багдаршам неше турли болады а?

  • тамаша өте жақсы.

  • Оте керемет кушти

  • Керемет тақпақтар

  • өте керемет

  • ашса кезек үш көзін
    айтты деп ұқ үш сөзін
    тоқта!
    сақтан!
    жол ашық!
    жүрме жолға таласып

  • өте жақсы жазылған

  • Тамаша. Жақсы тақпақтар екен

  • өте жақсы тақпақтар екен. Тағы да осындай тақпақтар көп болса екен деп ойлаймыз, қызымыз екеуіміз. Рахмет!

  • круто

  • коликке мингени жаман екен

  • барлық тақпақтар сөзсіз ұнады,әсіресе көлікке мінгенде

  • Тақпақтар жақсы жазылған бірақ қалай көшіруге болад

  • mowno

  • неге скачать етильмейт

  • өте күшті,маған ұнады өлеңдерді қалай көшіруге болады

    • соны бими отрмго асель

  • Акция қай уақытқа дейін?

    • Жақын арада аяқталады.

  • калай олен шыгарады?

  • тақпақтар өте жақсы жазыған қалай көшіруге болады

  • ТАМАША КЕРЕМЕТ

  • неге көшірілінбейді???????????

    • Қалай көшіруге болатыны жазылып тұр!

  • Өте жақсы маған өте қатты ұнады! Өзіме керек нәрсемді таптым! Маған бұл тақпақтар өте қатты ұнап қалды!:

  • өте керемет

  • өте керемет super.

  • маган унады осындай такпактар коп болсын

  • оте жаксы маган унады.Коп коп рахмет

  • Оте жаксы уйымдастырылган

  • Осындай такпактар коп болсын бари тамаша жазылган

  • куштиии

  • ӨТЕ ТАМАША АЛҒА БОЛАШАҚ

  • Сізде сайтқа мақала жариялаңыз!

  • Калай скачать етсем болады???

  • Сізде балаларға қатысты мақала жариялаңыз

  • неге мен оны жаза алмаймын

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!