Санамақ тақпақтары

Санамақ

—         Адамда қанша бауыр бар?

—         Біреу.

—         Қанша өкпе бар?

—         Екеу.

—         Бір тоқсанда неше ай бар?

—         Үшеу.

—         Есеп шығаратын амал қанша?

—         Төртеу.

—         Күнде оқылатын намаз қанша?

—         Бесеу.

—         Әлемде қанша құрлық бар?

—         Алтау.

—         Бір аптада неше күн бар?

—         Жетеу.

—         Малда қанша жілік бар?

—         Сегіз.

—         Домбыраның пернесі қанша?

—         Тоғыз.

—         Цифрлар қанша болды?

—         Он.

 

Міне өстіп жаңалап

Айтып шықтық санамақ.

Он саусақ

Секреты учебы, Когда учить уроки

Айтар болсам саралап

Көп қой түрлі санамақ

Бір дегенім – бір саусақ

Екі дегенім – екі саусақ

Үш дегенім – үш саусақ

Төрт дегенім –төрт саусақ

Бес дегенім – бес саусақ

Алты дегенім – алты саусақ

Жеті дегенім – жеті саусақ

Сегіз дегенім – сегіз саусақ

Тоғыз дегенім – тоғыз саусақ

Он дегенім – он саусақ

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екеуін қосып санап ем

Барлығы болды он саусақ

Барлығыда әп ай ай,

     Бейне бір он бауырсақ.

     ***

 

Бас бармағым -атам,

Балалы үйрек – әжем,

Ортан терек —  әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Міне, менің барлық отбасым.

***

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп — өніп толамыз.

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз.

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

***

Аспанда бұлт торлайды

Жаңбыр жауды себелеп

Кішене бұтақ астына

Тығылып алды сұр көжек. 

Жел үрлейді у-у,

Құйын келіп билейді гу-гу,

Қатты – қатты жел соқты.

Жапырақтар қол соқты.

***

Сергіту сәті

Ал, балалар,  келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап,

Билеп, билеп аламыз.

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз. 

Сыңғыр, сыңғыр сыңғырлар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік,

Саусақтарда сақина,

Санап көрші кәнекей 1,2,3

Дем аламыз жинап күш.

 

***

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (9 оценок, среднее: 4,33 из 5)
Загрузка...

комментариев 16 Пікір қосу

  • Маған осы «Еркетай «сайтында жарияланған санамақ тақпақтары ұнады. Санамақ арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттері жақсы дамиды. Санамақ қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер балалардың өлеңге деген құмарлығын арттырады.Осындай санамақты жариялап отырған сайт жұмысын жақсы деп бағалаймын.Рахмет сіздерге!

  • ұнады

  • Оте жаксы маган унады. Рахмеееет

  • саламатсыздар ма, көп рахмет сіздерге. сайттарыңыз көркейе берсін. 3-5 жас аралығына жеңіл кішкентай тақпақтар көбірек болса

  • маған да ұнады сендерге рахмет санамақ та жақсы

  • Күшті 👌 👍

  • я маган да унайды

  • жақсы

  • мағанда ұнады

  • ӨТЕ ӨТЕ ҚАТТЫ ҰНАДЫ! мен 1-курс оқимын маған санамақ тақырыбындағы мақалаларыңыз көңілден шықты.

  • оте жаксы маган унады

  • Керемет

  • төрт түлік мал жайлы

  • өте керемет өлеңдер яғни тақпақтар маған ұнады

  • Мен даярлық тобының тәрбиешісімін.Сайттарыныз өте унады.Көңілге қонымды, қажет материалдарыныз көп екен. Рахмет!

    • тыңдасаң құлаққа жағымды иә

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!