Қимылды ойындар

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Қимылды ойын: Қуырмаш

   Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.

-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

Қимылды ойын: Көжектер мен түлкілер

    Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.

khimildi-oyndar-balabakhshada

Қимылды ойын: Аю

  Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі.Ойын 2-3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.

Қимылды ойын: Ақ қоян

   Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.

  Қимылды ойын: Доп

   Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (4 оценок, среднее: 2,75 из 5)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

комментариев 17 Пікір қосу

  • Оте кызыкты ойындар,рахмет!Тагы болса жибериниздерши.

  • Оте керемет малиметтер екен.

  • жүктей алмай жатырмын

    • Сайтқа тіркелгендегі мәлметтерді жазып сайтқа кіріңіз.

  • жаксы ойындар!

  • кызык екен

  • катты унады

  • керемет

  • өтініш басқа осындай бірақ мұғалімдерге ойындар қайдан тапсам болады

  • оте керемет ойын

  • қысқа да нұсқа сіздерге рахмет

  • ote keremet oiyndar

  • ойындарды қалай көшіруге болады

  • қызық екен

  • қоянды қамыс өлтіреді
    жігітті намыс өлтіреді

  • Өте қызықты ойындар! рахмет!!

  • өте керемет ойындар, сіздерге көп рахмет!!!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!