Балаларға арналған қу түлкі ойыны

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Ойнаушылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың  артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол  балақу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.

Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.

ku-tulki-oyniОйнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.

Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.

Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

комментария 3 Пікір қосу

  • ойын казіргі біздін болашағымыз болатын балдарға акелер пайдасы көп

  • маған манттесориға байланысты ойындар керек

  • алтау ала бол ауыздан кеттеді
    төртеу төгел болса төбеден кетер

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!