Әділ және адал шаруа

Бір баяғы бір шаруа болыпты. Ол тынымсыз еңбек етіп, үй алу мақсатында ақша жинайдыКүндердің күнінде ақыры бір ауылдың шеткі жағынан үй алады. Үйінің айналасынан өзіне құдық қазады. Осы құдықты қазып жатып іші толы алтын құмыра тауып алады. «Бұл тапқан қазынаны өзім алсам әділетсіздік болар, — деп ойлайды ол.

«Мен мұны осы үйдің бұрынғы егесіне берейін. Мен оған тек жердің бетіндегі үй үшін ғана ақы төледім.Жердің астында жатқан қазына байлыққа бір тиында бермедім ғой».

Содан жаңағы шаруа тапқан қазынасын алып үйдің бұрынғы егесінің үйіне барады.
— Мен сенің маған сатқан үйіңнің ауласынан құдық қазып жатып қазына тауып алдым. Бұл қазынаны сенің алуың керек деп ойлаймын. Мен саған тек жер бетінде тұрған үй үшін ғана ақы төледім. Жердің астындағы байлыққа ақша бермедім ғой, — дейді ол.

Әділеттілік

— Қазынаны алмаймын.-дейді үйдің бұрынғы иесі. — Мұным әділетсіздік болар. Мен саған үйді жерімен бірге саттым яғни өз аулаңда тапқан қазынада сенікі . Мен бұл қазынаны жасырып жер астына көмгенім жоқ сондықтан мұның иесі мен емес өз ал дейді.

— Бұл қазына үшін мен ақы төлемедім ғой мен қалай аламын мұны, — дейді шаруа.

Екеуінің де байлықты алуға ниеттері болмайды. Болмаған соң олар кемеңгер ақсақалға келеді. Ақсақал айтады осы тапқан қазынаны екеуің тең бөлісіп алыңдар. Ақсақалдың шығарған шешіміне екеуіде келіспей байлықтан бас тартады.Содан екеі сөзге келіп қалады. Осы уақытта Ақсақал былай дейді:
— Балаларың бар ма екеуіңнің?
— Менің ұлым бар, — дейді біреуі.
— Менің қызым бар, — дейді екіншісі.
— Оларды үйлендіріп қазынаны екеуіне беріңдер, — дейді ақсақал.

Сол кезде шаруа мен бұрынғы үй иесі татуласадыАқсақалдың шығарған шешімімен келіседі. Бұл шешім екеуінің де көңілінен шығып «осы әділетті болар» деп ұйғарады. Екі жас бірін бірі ұнатадыОлар үйленіпмол қазына екеуіне бұйырыпты.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (2 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...


Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!