Аңқау арлан қасқыр туралы ертегі

Екі қасқыр — арлан мен қаншық әңгімелесіп отырады.

  • Сенің тіршілігің қиын, — дейді қаншық арланға.
  • Неге? — деп оған арлан қасқыр таң қала қарайды.
  • Өмір бойы бұта-бұтаға тығылып, адамдардан жасырынып жүресің.
  • Ы-ы-м… — деп арлан қасқыр мыңқ етеді, — сен де адамдардан тығылып жүресің ғой…
  • Жоқ, мен қай жерде жүргім келсе, сол жерде жүремін, мені ешкім көрмейді.
  • Айтасың-ау, қаншығым, — деп бұған қасқыр келісе қоймайды. — Сені қалай көріп қалса, мені де солай көреді!
  • Сенесің бе, сенбейсің бе, өзің біл, — дейді қаншық қасқыр, — ал мен саған шындықты айтып тұрмын!

Арлан қасқыр басын шайқап-шайқап қояды:

  • Олай болса, мұны тексерейік. Мен бұтаның арасына тығылып жатайын, сен алаңқайға шық. Көреміз сонда, адамдар сені байқар ма екен, байқамас па екен?

қасқыр

-Жарайды, көрсек көрейік! — деп қаншық қасқыр келіседі.

Қасқыр бұта арасында жасырынып жатады, қаншық қасқыр ашық далалыққа шығады. Алыста егіншілер жер жыртып жүр екен, қаншықты көрген бойда бәрі бірден:

  • Қасқыр, қасқыр! Ұр, бәлемді! -жаппай айқайлап, шулап қоя береді. Бұта арасында жатқан арлан қасқыр адамдардың дауысын естіп,

қорыққанынан орманға қарай қаша жөнеледі. Қашып келе жатып: «Далалыққа шыққан қаншық қасқыр ғой, оған ештеңе де болған жоқ, ал бұтаның арасында жатқан мені көріп қойды» деп ойлайды.

Оны қаншық қасқыр қуып жетеді.

  • Қалай екен? Олар «Қаншық, қаншық!» деп айқайлады ма? «Қасқыр, қасқыр!» деп сенің атыңды айтты ғой!

Сонда алқына дем алып отырған арлан қасқыр:

Сенің айтқаның рас екен. Өз көзіммен көрмеген соң, сенбеп едім, — депті.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...


Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!