Төрт аңшы ертегісі

Болды ма, болмады ма, кім білсін, әйтеуір баяғыда бір ауылда төрт аңшы өмір сүріпті деседі. Олардың аттары — Сәмед, Мәмед, Вәлед және Ахмед екен.

Сәмедтің мылтығының дүмі, Мәмедтің мылтығының ұңғысы, Вәледтің мылтығының шүріппесі болмапты, ал Ахмедтің ешқандай мылтығы жоқ екен.

Бір күні олар аңға шығады. Тау-тасты, сай-саланы аралап, қыстай жүреді, жаздай жүреді, көктемде жүреді, күзді жүреді, бірақ бірде бір аң мен құсты кездестірмейді. Сөйтіп, ауылдарының жанынан бір-ақ шығады.

Қараса — қоян қашып келе жатыр.

Сәмед:

  • Таудан да үлкен зор қоян екен! — дейді.

Мәмед:

  • Тарақаннан да кіші ұсақ қоян екен! — дейді.

Сәмед:

  • Менің мылтығымның дүмі жоқ, мен атамын! — дейді.

Мәмед:

Менің мылтығымның ұңғысы жоқ, мен көздеймін! — дейді.

Вәлед:

  • Менің мылтығым шүріппесіз, мен атамын! — дейді.

Ахмед:

  • Менде мылтық мүлде жоқ, мен атайын! — дейді.

аңшылар

Сөйтіп, Сәмед жасырынады, Мәмед көздейді, Вәлед атады, Ахмед дәл тигізеді! Таудан да үлкен зор қоян, тарақаннан да кіші ұсақ қоян тырайып жатады.

Сәмед:

  • Қоянды ауылға апарайық. Аяғынан ұстаңдар, — дейді. Төртеуі қоянның| төрт аяғынан ұстайды, бірақ қоянды орнынан қозғай алмай қояды.

Сәмед ауылға жүгіріп, төрт жұп өгіз айдап келеді. Қоянды өгіздерге тіркейді, алайда олар да қоянды орнынан қозғалта алмайды!

Мәмед осы кезде:

  • Танку кемпірдің бір көзі жоқ әтеші бар, қоянды сонымен сүйреп апарсақ, — деп ақыл қосады.

Вәлед ауылға жүгіріп кетеді, Ахмед әтешті алып келеді. Қоянды әтештің үстіне артады, оған төрт жұп өгізді қоса тиейді, ең үстіне төртеуі отырады, сөйтіп, аңшылар әтешке мініп, ауылға қайтады.

Бүкіл ауыл аңшыларды қарсы алуға шығады. Қоянның терісін сыпырып, етін қазанға салып, пісіре бастайды. Бүкіл ауыл қоянның етін жейді: әуелі бір минут жейді, бұдан кейін бір сағат жейді, кейін — үш күн, одан соң — бес ай, кейін — жеті жыл жейді. Жеті жылдан соң да бітіре алмай, ақыры еттің қалдығын тышқандар азық қылады.

Қоянның терісінен малақай тігіледі. Ең үлкен малақай оймақтан кіші болып шығады, ең кішкентай малақай себеттен үлкен болады. Маған да бір малақай бұйырды. Басыма кисем — үлкен, саусағыма кисем — кішкентай.

Малақайымды көрем деген адамға әрқашан әзірмін. Малақайымды көруге күндіз емес, түнде емес, таңертең емес, кешке емес, жаз емес, қыс емес, күз емес, көктем емес кез келген уақытта келе берулеріңе болады.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...


Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!