Овуляция күнтізбесі


ovulasya-kuntizbesi

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (4 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...

Әйелдердің екі аналық безінің әрқайсысында көптеген былайша айтқанда мыңдаған аналық жасушалары болады. Жыныстық жетілу аяқталғаннан кейін, әр айда осы жасушалардың бірі жетіліп аналық безде өнеді.

Овуляция процессі етеккірге екі аптадай қалған уақытта болады. Егер осы уақытта пісіп жетілген аналық жасуша еркектік ұрықпен «жолықпаса» ол жойылып ешқандай жүктілік болмайды. Әр айда ағза жүктілікке дайын болады ол кезде жатыр ішкі қабаты қалыңдайды әрі жұмсарады.

Егер ағза ұрықтану болмағанын сезінсе, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабатында еттеккір атты сұйықтық (менструация) қынап арқылы денеден шығарылып тасталады. Аналық жасушаны арнайы аспапсыз көзбен көре алмайсыз өйткені ол өте кішкентай болады. Ағзада болып жатқан гормондық өзгерістер әйелдің көңіл-күйіне өз әсерін береді.Овуляция кезеңінде кейде өзіңізді көңілді, жігерлі сезінсеңіз, ал еттеккір алдында мүлдем көңіліңіз түсіп, кей жағдайда ызалы болуыңызда ғажап емес.

Біз сол себепті сайтымызда сіздерге овуляция күндерін оңай анықтауға арналған қазақша күнтізбені пайдалануға ұсынамыз. Осы овуляция кестесін пайдаланған соң өз пікірлеріңізбен, ұсыныстарыңызбен бөлісе отыруларыңызды сұраймыз.

Сіздерге мына мақалалар оқуға кеңес береміз:

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!