Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

bilim-kunine-arnaladiҚұрметті Еркетай сайтының достары сіздерді жаңадан басталған білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз.  Білім алу жолында  жаңадан қадам басқан бүлдіршіндерімізге тек сәттілік тілейміз. Бұл сіздердің өмірлеріңіздің жаңа парағы. Дәл осы күнен бастап шаршамай, ерінбей білім нәрімен сусындаңыздар. Өйткені мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз сіздердің болашақта жасайтын қадамдарыңызды айқындайды.

Егер болашақта еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болғыларыңыз келсе, ата-аналарыңыз сіздерді мақтан тұтсын десеңіздер білім алудан ешқашан жалықпаңыздар. Бұл өмірде ешнәрсе оңай жолмен келмейді, білім алуда осылардың қатарында. Ата бабаларымыз «Білім инемен құдық қазғандай» деп бекер айтпаған.

Білім баспалдағын аттаған қадамдарыңыз оң болсын, толағай табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз ! Ізгі тілекпен достарыңыз Еркетай.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!