Ағылшын тілін үйрену

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Ағылшын тілін үйрену бастапқыда қиын көрінуі мүмкін. Алайда егер сіз оқу процесін іш пыстырмайтын қызықты ойынға айналдыра алсаңыз бұл керсінше өте қызықты болады. Тілді үйренудің өте көптеген жолдары бар. Егер сізге тіл үйренудің қарапайым жолдары ұнамаса яғни стандартты, сіз өзіңізге логикалық ойын форматын таңдауыңызға да болады. Мысалы: басқатырғыштар мен жұмбақтарды шешу немесе өзіңізге ұнайтын қызықты телешоулар мен телесериалдарды аудармасыз қарау арқылы.

Ал мен мұндай материалды қайдан табамын десеңіз ең кемінде мына төменде көрсетілген жеті ресурстан қарап үйренуге болады. Ең бастысы ағылшын тілін үйренуге деген шын ынтаңыз болса болғаны.

ағылшынша үйрену ресурстары

Ағылшынша үйренуге арналған ресуртар

  • BBC Learning English – күнделікті қолданатын және іскерлік бағытындағы ағылшын тіліндегі сабақтарға арналған материалдардық базасы жағынан үлкен көлеміді ресурс.

 

  • AudioEnglish — Ал мұнда әр түрлі тақырыпта өте қызықты подкастарды тыңдауға болады. Сізге таныс емес сөздерді оңай түсініп қабылдау үшін барлық жазбалармен бірге текстік нұсқасыда берілген.

 

  • Learn English British Council —  ағылшын тілін үйренуге арналған тағы бір жақсы ресурс. Мұнда көптеген құнды материалдар жинақталған бейне роликтер,ойындар, кәсіби подкасттар т.б.

 

  • Exam English— ал бұл сайт ағылшын тілінен халықаралық емтихан тапсырушыларға арналған таптырмас қазына.

 

  • Learning English Free Online – әр түрлі деңгейдегі үйренушілерге арналған өте үлкен материалдық базасы бар. Оның ішінде ойыннан бастап басқада тіл үйренушілермен әңгімелесу, әртүрлі форматтағы сабақтар топтастырылған тамаша сайт.

 

  • Twominute English – (Ютуб каналы) ал бұл ресурс видео көру арқылы үйренуді қалайтындарға арналған. Ыңғайлы және тиімді үйрену үшін ең алдымен ресурс адамды жалықтырып алмауы тиіс, сол себепті мұндағы сабақтар сайттың аты айтып тұрғандай қысқа бар-жоғы екі минуттан тұрады.

 

  • MySpelling— бұл сайт арқылы әр түрлі сөздердің дұрыс жазылуы емлесін үйренуге өте қолайлы.
Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікірлер 1 Пікір қосу

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!