Балаңыз сіздің сөздеріңізді қалай қабылдайды?

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Балалармен сөйлескенде біз олардың біздің айтқандарымызды қалай қабылдайтынына аса мән бере бермейміз. Елестету қиын бірақ біздердің(ата-аналардың) сөзіміздің үлкен күші бар. Бір ғана сөз баланы жұбатып немесе үмітін су сепкендей басуы мүмкін.

ata-ana-bala-tusinistigiБіз баламызға…

-Абайла құлап қаласың!

-Итке жақындама қауып алады!

Баланың түсінуі…

Айналадағы барлық нәрсе қауіпті ең жақсысы ешнәрсе жасамау.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Өзіңіді өзің күт, өзіңді сақта. Ықтият бол.

Біз баламызға…

-Бол енді тездет! Асықсаңшы! Тыныш! Тоқта! Жауап бер!

Баланың түсінуі…

Сен маңызды емессің. Үлкендердің айтқаны ғана болуы тиіс.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Менің 10 минут уақытым ғана бар еді. Саған қанша уақыт керек?(Келісуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Бұртыйма! Айқайлама! Күлме! Жылама!

Баланың түсінуі…

Сен өз сезіміңді көрсетпе.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Мүмкін сен шаршаған шығарсың. Сен бір нәрседен қорықтың ба?(Баланың сезімдерін түсінуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Қанша мәрте қайталауға болады(түсіндіруге)

Баланың түсінуі…

Сен ақымақсың, еш нәрсе түсінбейсің.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Сенің қолыңнан барлығы келеді, тағы бір қайталап көр. Егер қаласаң көмектесіп жіберемін.

Біз баламызға…

-Ұялмайсың ба!

Баланың түсінуі…

Сен жамансың , сенде бір нәрсе дұрыс емес.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Барлығымыз қателесеміз. Қателік жасау арқылы біз үйренеміз.

Біз баламызға…

-Көрсей жұрттың баласын қандай ?

Баланың түсінуі…

Сен басқа балалардан қарағанда жамансың.

Сіз басқаша айтыңыз…

Біз сені қандайсың сол күйіңде жақсы көреміз.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

комментария 3 Пікір қосу

  • Мақалада үлкендердің іс-әрекеттері мен баланың өзіне қабылдау ойы қамтылған. Біз үлкендер бала жанын түсінуге тырыспай өз айтқанымызды орындатқымыз келеді. Барлығы да өз ойымыздан шыққандай болғанын қалаймыз.Бірақ адамзат баласы кемшіліксіз болмайды.Мақала үлкендердің өзін ойға салатындай өте орынды жазылған.Бұл мақаланы оқыған ата-ана бала тәрбиелеуде өз қателігін түсінеді деген ойдамын.
    Осындай мағыналы,адамзатты ойландыратын мақала жариялағандарыңызға алғысым шексіз.Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.

  • Бұл мақаланы ата-аналардың барлығы көре алатындай деңгейге жету үшін қандай шара жасасақ болады. Сайт әкімшілігіне айтар алғысым зор Мынадай ақыл кеңес бергендеріңіз үшін саплы мақалаларыңыз ү.шін! Жарайсыздар

  • Сәлеметсіздер ме! Маған бала тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңесті өз балаларыма айтып отырамын. Рахмет!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!