Әдемі моншақ

Күні: 27.04.2018 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі : «Құрастыру»

Тақырыбы: «Моншақтарды тіземіз»

Мақсаты:

Білімділік:

Моншақ туралы білімдерін кеңейту. Моншақты сәндік бұйым ретінде пайдаланатын әшекей екенін түсіндіру. Шаршы, дөңгелек пішіндегі текшелерден моншақ құрастыру жолдарын үйрету.

Түзету – дамытушылық:

Түрлі пішіндегі текшелерді бауларға тізу арқылы, балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік:

Көркемдік талғампаздыққа, әсемдікке бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап , көрсету, түсіндіру, құрастыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: моншақ туралы саусақ ойынын жаттату.

Көрнекілігі: Моншақ суреттері, түрлі моншақтар, слайд, доп.

моншақ құрастыру

Сөздік жұмыс: Моншақ.

Билингвальді компонент: Моншақ – бусы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсің бе! Алтын күн.

Сәлеметсің бе! Жер – Ана.

Сәлеметсің бе! Құстар.

Сәлеметсің бе! Достар.

Сәлеметсің бе! Қонақтар.

Артикуляциялық жаттығулар:

«Ат шауып келеді»

Аузымызды кең ашып тілімізді таңдайға жабыстырып, таңдайымызды тақылдатамыз.

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз,ауызды ашамыз, жоғарғы ернімізді, сосын төменгі ернімізді, сосын айналдыра жалаймыз. 4 – 5рет қайталаймыз. «Сағат»

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз, ауызымызды ашамыз. Жіңішке тілді кезекпен оң және сол езуге жеткізе қозғалтамыз.

Тіл өзін сәндеп болған соң, үйге қайтатын уақыт болды ма екен, сағатқа қарады.Кане біздің сағаттарымыз қалай жұмыс істеп тұр екен.

«Тәтті тосап»

Анам екеуміз құймақты қаймақпен және тәтті тосаппен жедік, тосап еріндерімізге жұғып қалды, кәне, ерніміздегі тосапты тілімізбен жалайық.

Сұрақ – жауап:

— Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?

— Көктем.

— Көктем айларын кім атап береді?

— Наурыз, сәуір, мамыр.

— Балалар, менің қолымдағы допты сендерге лақтырамын ал, сендер көктемде қандай өзгерістер болатынын айтасыңдар.

Балалар олай болса, біз сергіп алайық.

Сергіту сәті: (Бейнебаян)

«Аяқпенен топ – топ»

Балалар, бүгін біз тақырыбымыз не туралы болмақ екен, оны мына сыйқырлы қорапшаны ашып көрейік. Сыйқырлы қорапшадан әдемі моншақтар шығады. Бүгін біз әдемі моншақтарды тізіп үйренеміз.

Суретпен жұмыс:

— Балалар, қалай ойлайсыңдар моншақ бізге не үшін керек?

— Әсемдік үшін.

— Ал, моншақтарды кімдер тағады?

— Аналарымыз, әжелеріміз, қыздар тағады.

— Балалар, моншақты аналарымыз, әжелеріміз, қыздарымыз әсемдік үшін тағады. Моншақтар түрлі – түстісі, үлкен – кішісі, қолға тағатындары да болады.

* Ал, балалар моншақ сөзін буынға бөлейікші.

* Мон – шақ.

* Неше буыннан тұрады?

* Екі.

* Моншақ сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

* «М» дыбысы.

* «М» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба.

* Дауыссыз.

* «М» дыбысынан басталатын сөздерді атайықшы?

* Моншақ, мысық, машина.

* Ғажайып сәт:

(Әжей мен немересі келеді)

Әжей:

— Сәлеметсіңдер ме балақайлар!

Тәрбиеші:

— Сәлеметсіз бе әжей! Біздің тобымызға қош келдіңіз.

— Әжей қай жақтан келесіз?

Әжей:

* Немеремді алып жайлаудан келемін. Жолда немерем моншағын үзіп алды. Моншақтарды тағайын десем көзім көрмейді.

* Балалар, біз әжейдің немересіне моншағын тізіп береміз бе?

* Балалар: Ия.

* Олай болса, әжей сіз отырып демалыңыз. Біздің балалар моншақтарды тізіп береді.

Құрастыру әдіс – тәсілдері:

* Балалар, алдымыздағы түрлі – түсті пішіндегі текшелерден моншақтарды тіземіз. Моншақтарды тізу үшін бауларды пайдаланамыз. Ал, біз моншақ жасау үшін шаршы, дөңгелек пішіндегі текшелерді бауларға тіземіз.

* Жіпті екі саусақпен ұстап шаршы мен дөңгелекті кезек – кезек жіптерге тіземіз.

Балалар моншақтарды тізеді.

Саусақ ойыны:

«Моншақ»

Қызыл, сары, көк моншақ.

Әжем тізді көп моншақ.

Әжей:

Балапандарым, сендерге көптен көп рахмет! Менің немеремнің моншағын қайта тізіп бердіңдер. Өркендерің өссін!

Менің тағы да дорбам бар, ол жай дорба емес ғажайып дорба оның ішінде түрлі заттар бар дорбада не бар екенін тауып көріңдер.

Д/О: «Ғажайып дорба»

Мақсаты: Сипап сезу арқылы, балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Дорбаға әртүрлі материалдан жасалған заттарды салады, көзін жұмып дорбадан бір затты алып, не екенін сипаттап береді.

Әжей:

Ал, балаларым сендер алғыр, шапшаң екенсіңдер. Немеремнің моншағында тізіп бердіңдер. Біз енді аулымызға оралайық. Қош сау болыңдар!

Қорыту:

— Балалар, бізге қонаққа кімдер келді?

— Әжей мен немересі.

— Біз бүгін не құрастырып үйрендік?

— Моншақ.

— Моншақтарды қандай пішіндерден жасадық?

— Шаршы, дөңгелек.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (2 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...


Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!