Армысың Алтын күз мерекелік іс-шара

Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып,әдептілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар Құрметті қонақтар,ата-аналар және бүлдіршіндер!

«Армысың Алтын күз» атты мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!

Сұр бұлыт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма тонғаныма.

Жылқы ойнап бие қашқан тай жарысқан.

Күз туралы түсінік беру.

Сәлеметсіздерме балалар,бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр біз қонақтармен амандасайық.(Шаттық шеңбер)

Армысың алтын күн,

Армысың көк аспан,

Армысың жер ана.

Армысың достарым…

Жақсы балар қане балар орынымызға отыра қалайық.

Сұрақ жауап:

Балалар сендер білесіңдерме жылда неше мезгіл бар?

төрт жыл мезгіл бар ия,атап кім атап береді?(Көктем,жаз,күз қыс)жақсы.Қазыр қай мезгіл?Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Жұмбақ жасыру. Жүргізуші: Өрік, шие, алма, алша, Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, Сәбіз қоймаларға түседі. Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады? Балалар:(Күзде)

.алтын күз 2017

Жүргізуші: Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық. Балалар бірге: (хормен барлығы дауыстап айтады) Келші, келші алтын күз, Келші, келші жарқын күз. Мерекені жалғастырып, Ойнап күлші Алтын күз! Осы кезде мерекелік көңіл күймен залға «күз ханшайымы» жәшігін арқалап кіріп келеді.жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған. Күз: Армысындар ма балдырғандар?! ……… Мен сіздерге көп көп силықтар әкелдім. Балалар: Көп рахмет сізге! Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйлы қонақтарға таратып берсек бола ма? Күз: Жоқ бұл сыйды қонақтар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары: жемістерде, көкөкністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан қонақтар мен бір ойын ойнайын, егер ойын шартын ойнай білсе, ептілік көрсетсе осы сыйлықты алуларына болады. Дидактикалық ойын:

«Көкеністермен жемістерді ажыратайық».

Ойының шарты:

Берілген көкеністерді қораптағы топыраққа,ал жемістерді талға орналастыру қажет.

Жүргізуші: Алтын күз сізде толып жатқан сырлар көп, сондықтан бізге арналған қандай сыйыңыз бар ? мен сендерге тағы бір ойын алып келдім.

«Жеміс жидектерді жинайық»

Ойының шарты:

Жеміс жидектерді түстеріне қарай орналастыру.

Түсіне қарай ажыратайық.

Әр түс жеке-жекеыдыста берілген,соларды түсіне қарай орналастыру қажет.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар.

Әсем әнмен тәтті күй,

Санаға түрлі ой салар әнді сүйсең менше сүй.

деп,Абай атамыз айтқандай,ортаға «Балауса» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен шақырайық.

Сыдық Ақниетпен Уызбек Мансұрдың орындауында Әдемі ән: «Алтын күз» атты әнді қабыл алыңыздар!!!! Біздің бүлдіршіндеріміз бізге тақпақ дайындап келіпті,олай болса,ортаға шақырайық. (жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады)

Алма: Мен — алмамын, алмамын. Таңдандырар бал дәмім. Пісіп толдым, мінекей! Баптап ерек бағбаным.

Өрік: Мен — өрікпін, өрікпін Табиғатқа көрікпін.

Шие: Мен шиемін, шиемін Күннің көзін сүйемін Қажеттімін адамға Оны жақсы білемін!

Қияр: Мен қиярмын, сәндімін Салаттардың сәнімін Дәруменім мол менің Жегенге қуат сыйлаймын!

Асқабақ: Таңдандырар бәрін Асқабақпын дәмді Кептірілген дәнім Таптырмайтын дәрі!

Картоп: Мен картоппын, картоппын Бір қарасаң — доппын?! Немен жесең де жағам Мені қоссаң тәтті болар тағам!

Қызанақ: Менің атым — қызанақ Тұзды сеуіп молырақ Банкілерге салыңыз Аузын мықтап жабыңыз

Мен қиярмын,қиярмын,

Жап -жасыл боп тұрамын.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді,

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Күзім,күзім,күзім,

Пісті алма, жүзім,

Тұрғанда бізге күз беріп,

Алайық оны тез теріп.

Жүргізуші:

Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Келесі біздің бишілер

Көрінген көштің басынан.

Біздің өнерлі балаларымызға кезек берсек.

Тамаша би: «Балауса» тобының орындауында «Жапырақ» биі қабыл алыңыздар.

Ал енді құрметті ата-аналар қолдан жасап келген қол өнерлеріңізді қорғауға әр топтан екі ата-ана шығып қорғасаңыздар….

Күз ханшайым:Жақсы балар сендер сондай білімді,сондай ақылды,тапқыр екенсіңдер сіздермен қоштасқымда,келмейді бірақ менің кетуім керек,басқа жерде мені күтіп отыр,келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жүргізуші:Сөз кезегін «Бөбек лүпілі» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі:Каримова Меруерт Советбекқызына беріледі…..

Ата-аналарға құттықтау сөз кезегін беру.

Белсенді ата-аналарды мадақтау!!!!

Жүргізуші:Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!!!!

Жауапты тәрбиеші:Бекишева Маржан Ахановна.

Өткен күні.29.09.2017жыл

«Бөбек лүпілі»жеке меншік балабақшасы.

Көкпекті ауданы.Көкжайық ауылы.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!