Әжемнің ауылындағы наурыз

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
Төрт түлік малды танып,күтуге тәрбиелеу.
Мерекелік ән, би арқылы көңіл күй ынтасын дамыту.
Кейіпкерлер: әже, жайылымда жүрген төрт түлік пен төлдері,
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Көктем келіп жер көгеріп,
Дала ғажап түрге енеді,
Ауламызда, бақшамызда,
Құлпырады,гүлденеді.

наурыз мерекесі туралыЖүргізуші: Балалар, құрметті қонақтар бүгінгі көктемнің мерекесі, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі Құтты болсын!
Наурыз күні тілеген тілектер қабыл болады екен, Сондықтан балалардың Наурыз лебіздерін тамашалайық!

1- Бала : Ақ мол болсын!
2-бала: Ұлыс Бақты болсын!
3-Бала:Төрт түлік ақты болсын!
4-бала: Қайда барсаң, жол болсын!

Жүргізуші: Наурызда біздің көңілді наурыз әнін шырқайық!

Наурыз әнін шырқап берейік!

Жүргізуші: Балалар, наурыз айы қазақтың жаңа жылы, жаңа күн деген ұғымды білдіреді.
Қараңдаршы, балалар тіпті қорадағы төлдер де өріске шығыпты.
Қане, атап берейікші, мынау ненің төлі? Қойдың төлін қалай атайды?

Балалар: Қошақан
Жүргізуші: Сиырдың төлін қалай атайды?
Балалар: Бұзау
Жүргізуші: -Тамаша, балалар, ал мынау тентек ешкінің төлін қалай атаймыз?
Балалар: -Лақ

Жүргізуші: — өте жақсы, төлдерді дұрыс атап бердіңдер!
Музыка әуенімен әже кіреді.
Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар!Келе жатқан наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже,Мерекеге хош келдіңіз, тө рлетіңіз!
Әже: Ұлыстың ұлы күні туралы балапандарым не біледі екенін байқап көрейін деп едім. Балапандарым айтыңдаршы,Мерекеде дастарханда қандай тағамдар қойылады?
Наурызда түрлі ұлттық ойындар ойналады
Балалар: Бауырсақ, құрт, кәмпит, талқан
Әже:Ой,балапандарым,дұрыс айтасыңдар!Тамаша!
Жүргізуші: Наурыздың гүлдері сияқты біздің қыздар наурыз шашу биін билегісі келеді.Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Би: Наурыз шашу
Жүргізуші: Әже, біз балалармен сіге Бауырсақ әнін орындап береміз.
Ән: Бауырсақ

Жүргізуші: Наурызда түрлі ұлттық ойындар ойналады, Кәне , балалар «Теңге алу » ойынын ойнайық!
Әже: Ойындарың тамаша екен!Ал мен енді сендерге қазақтың
«Бесікке бөлеу »салтын көрсеткім келеді.

Салт дәстүр Бесікке бөлеу

Әже: Өнерлерің тамаша,мен сүйсініп отырмын! Наурыз батамды сендерге арнаймын, Тілеген тілектерің орындалсын!

наурызға бата тілек.

Наурыздың қасиетті тағамы Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
( музыка әуенімен наурыз көже ұсынылады)

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • наурыз мерекесін ұлықтау,,балабақшадан басталғаны құба-құп.Мектеп жасына дейінгі балалар наурыз мерекесі арқылы ұлттық бай мұрамен сусындайды.сәбилер тобындағы бұндай мерекелердің көптігі педагогтардың жұмыс жасауына септігін тигізеді.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!