«Дьенеш» блоктарын қолданып баланың логикасын дамыту

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Мақсаты: Заттардың көлемі, геометриялық пішін және мөлшерімен таныстыру;
Ойлау іскерліктерін дамыту: салыстыру, талдау, жіктеу, жалпылау және т.б.;
Логикалық тапсырмаларды шешу іскерлігін қалыптастыру;
Танымдылық процессі — қабылдау, ес, зеиін, қиялдарын дамыту;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиеші қызметі Балалардың іс-әрекеті

І кезең- мотвациялық- қозғаушы -Біз әдепті баламыз
Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен
Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз.
Ал кәнекей бәріміз.
-Жарайсыңдар!
-Көңіл-күйлерін қалай?
-Бізде қазір қандай жыл мезгілі?
-Жыл мезгілдерін атап өтіндерші?
-Көктемде неше ай бар?
-Жарайсыңдар!
-Бір апта да неше күн бар?
-Атап кетейікші?
-Дұрыс айтасыңдар.
-Ал бүгін аптаның қай күні?
-Жарайсыңдар!
-Біз нешеге дейін сандарды білеміз?
-Жақсы, енді кері санайық.
-Өте жақсы.
-Сәлеметсіздер ме!
Өте тамаша!
-Көктем
-Қыс, көктем, жаз және күз
-Үш ай
-7 күн бар
-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі.
-Жұма
-онға дейін білеміз
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

ІІ кезең-ұйымдастырушылық- ізденушілік

Біз сендермен қазір Дьенеш блоктары арқылы саяхатқа шығамыз. Дьенеш блогі деп айтып жатамыз.
Ол үшін бірінші Дьенеш деген кім танысып алайық.
Золтон Дьенеш
Венгрлық теоретик және практик, «Жаңа математика» әдістемесінің авторы

Дьенештің логикалық блоктары

Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьенеш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жуандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал.
Таныстық енді, саяхатқа шығамыз. Саяхатқа немен барамыз?
Автобуспен барайық.
Мен сендерге билет беремін. Сендер өз орындарына отырыңдар? Яғни билет арқылы өз орындарынды табыңдар.

Дьенеш блоктары.

Билет
Автобусқа мініп Дьенеш кафесіне келеді.
Аспазшыға тауық сорпасын және коктейль дайындауға көмектесейік.
-Балалар, сорпа дәмді болды ма?
-Алғысымызды білдіреміз!
-Сорпамызды ішсек, әрі қарай логика қалашығына баруымыз керек. Жүріңдер.
Логика қалашығына келдік.
-балалар қараңдаршы, қалада үлкен және кішкентай аудан бар екен, соларға түр-түсіне қарай қоршау жасау керек. Ал пішініне қарай үй жасайық.
Жарайсыңдар! Ендеше, әрі қарай жүреміз.

Балалар тыңдандаршы, бір жылаған дыбыс шығатын сияқты?
-Естіп тұрсыңдар ма?
Оған не болыпты, қане сұрайықшы?
Қоян: Мен ойыншығымды жоғалтып алдым. (Қатты жылайды).
Қоян жылама оданда бізге айт, қандай ойыншық екенін.
Көк емес, бірақ дөңгелек ойыншық. Үлкен, жуан емес.
Жылама , біз саған көмектесеміз.
Ия балалар!
Жарайсыңдар!
Шаршаған шығарсыңдар?
Бір сергіп алайық.
Жақсы, жүріңдер. Қыдырайық әрі қарай.

Алдарынан мыстан кемпір шығып, жол бермейді, мен сендерді жеймін. Жемесің десендер, маған ойыншықтарды орнына қойып беріңдер. Қойып бересіңдер ме?
Жақсы, жақсы. Біз қазір бәрін қойып береміз. Тек бізді жеме. Солай ма балалар.
Карточкамен жұмыс:
Үйшікке орналастыр.

-Жарайсыңдар, аман қалдыңдар.
-Енді бара беріңдер.
-Балабақшаға қайтамыз ба?
-Жүріңдер паравозға мінейік. Оған үшке бөліну керек екен.
Көк, сары, қызыл
Есеп шығару арқылы әркім өз орынын табады.
Паравоз сынып қалады.

-Балалар енді не істейміз? Қалай барамыз.
Олар орманға кездеседі, орманда адасып жүреді. Алдарынан қасқыр шығады.
-Қасқыр біз адасып кеттік бізге жол көрсетші?
Қасқыр: Мен сендерді жібермеймін. Көрсетпеймін де. Мен қарным аш. Сендер маған көпке жетесіңдер. Менің біренеше таспырмаларым бар соны орындасаңдар мен сендерге оңай жолды көрсетемін.
Мына тапсырмада 3 қате бар соны орындасаңдар

Және мына ағаштарға өз жапырақтарын орналастырсаңдар жіберемін.
Қасқыр: жарайсыңдар, керемет орыңдадындар. Сендерді жіберейін. Осы жолмен тура барсаңдар балабақшадан бірақ шығасыңдар.
Келдік бақшамызға.

Есік жабық қалай кіреміз. Ой, балалар қараңдаршы біреу хат тастап кетіпті. Мен оқиын.
-балалар, мен мыстан кемпірмін. Менен оңай құтыламын деп ойламаңдар. Енді балабақшаға кіре алмайсыңдар?!
Кіру үшін маған, менің немереме ойыншық алып келсеңдер ғана балабақшаның кілтін беремін.
Есіктің алдыңдағы сандықта текше бар сол арқылы табылған ойыншықтарды жеке сандықшаға салып қойыңдарда, көздеріңді жұмыңдар. Мен ойыншықты алып, кілтті тастап кетемін.
Тамаша!

Ал, енді балабақшаға кірейік. Балалар мұқят тыңдайды.
-Автобусбен барамыз.

Билетті алып, түсі мен пішініне қарап өз орындарына отырады.
Балалар қызығушылықпен тез дайындап береді.
-Дәмді болды. Тойдық.
-Рахмет!
-Жақсы, апай кеттік
Әр ойыншықты жеке тапсырма бойынша орындады.
-я, шығады.
-Естіп тұрмыз.
Ол қоян екен.

-Қоян, саған не болды? Неге жылап отырсың?
-Жылама біз саған ойыншыынды тез тауып береміз. Тек қандай екенін айтсаң болды?
Біз саған көмектесеміз.
Сергіту сәті: Әуен арқылы бойларын сергітеді.
Әрине қойып береміз, сен тек бізге тиіспеші.
Ия, солай.

Балалар жылдам орындарына қойып береді.
-Қайтайықшы, мыстан кемпірден қорқып кеттік.
Үшке бөлініп паравозға мінеді.
Апай, қорықпаңыз, жаяуда барамыз. Жүріңіз.
-Ия, бізге жол көрсетші біз адасып кеттік.
Әрине орындаймыз. Біздң жіберсеңіз болды.
Ағаштарға жапырақтарын орналастырады.
-Рахмет, жібергеніңізге

Балалар сандықты ашып, ондағы текшені лақтырып мыстан кемпірдің немересіне ойыншықтар таңдап береді.
Балалар қуанып балабақшаға кіреді.
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші -Балалар, біз сендермен қайда бардық?
-Нелерді көрдіңдер?
-Тапсырмалар жеңіл болды ма?
-Мыстан кемпір мен қасқырдан қорықтыңдар ма?
-Бүгінгі ойын ұнады ма?
-Жарайсыңдар! -Саяхатқа бардық.
-қоянды, мыстан кемпірді, қасқырды көрдік.
-ия, жеңіл болды.
-ия, шамалы қорықтық.
-ұнады.

Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Дьенеш блоктарын авторы жайында
Түсінеді: Дьенеш блоктарынын әр түрлілігін
Қолданады: Блоктарды сипаты бойынша қолданады

Қостанай қаласының №13бөбекжай-бақшасы
«Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Өткізген: Успанова А.О.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!