«Гүлдер» жобасы

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

1 «Гүл – жердің көркі» әңгімелеу.
Мақсаты: оқушылардың гүлдер туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды өзін қоршаған табиғатқа, гүлдерге деген саналы және жағымды – эмоционалды қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

21.04.2016 сыныптан тыс жұмыс мұғалім топтық суреттер, компьютер,интернет желісі.
— Гүлдер туралы түсініктері қалыптасты, табиғатқа деген жағымды эмоционалды қарым-қатынасы қалыптасты.

2 «Гүлдер» тақырыбындағы тіл дамуының кемшіліктерін түзеу сабағы
Мақсаты: гүлдер туралы білімдерін нақтылау және кеңейту, сөздік қорын молайту, грамматикалық формаларды және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. 28.04.2016 логопед сабағы топтық кесілген суреттер, заттық суреттер, бояулар
— Гүлдер туралы білімдері кеңейді, сөздік қоры молайды, сипаттама әңгіме құрастыруға үйренді.
Гүл – жердің көркі
3. «Гүлдер туралы аңыздар» тақырыбында сынып сағаты.
Мақсаты: гүлдер туралы аңыздармен таныстыру. 27.04.2016 сыныптан тыс уақыт мұғалім топтық суреттер, кітаптар — Гүлдер туралы аңыздармен танысты.

4 «Гүлдер» дүкеніне саяхат
Мақсаты: гүлдерді өсу жерлері бойынша топтастыруға үйрету (бақ, егістік, үй). Гүл өсіруге байланысты мамандық иелерімен таныстыру. жоба барысында мектептен тыс ата-аналар жеке әртүрлі гүлдердің түрлері «Гүлдер» дүкеніне саяхат.
Бағбаншы мамандығын, гүлдерді олардың өсу орны бойынша біледі.

5.Гүлдер туралы аңыздарды, гүлдер бейнеленген ашық хаттарды, гүлдердің суреттерін желі бойынша іздеу және қарау.
Мақсаты: тақырып бойынша мағлұматтар жинау. жоба барысында сыныптан тыс уақытта
логопед, мұғалім, тәрбиеші жеке, топтық интернет желісі,
ашық хаттар, кітаптар, әртүрлі иллюстрациялар — Тақырып бойынша мағлұматтар жинақталды.

Гүлдер туралы түсінік6 Көркем және танымдық әдебиеттерді оқу.
Мақсаты: балаларды гүлдер тақырыбындағы шығармалармен тнаыстыру. Тақырып бойынша өлеңдерді, жұмбақтарды жаттау. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға үйрету. жоба барысында сыныптан тыс уақыт мұғалім топтық кітаптар.

— Тақырып бойынша көркем әдебиет шығармаларымен танысты.

7.Саусақ жаттығуы.
Мақсаты: ұсақ моторикасын, саусақ қимылдарының координациясын дамыту. 28.04.2016 логопед сабағында жеке, топтық — Саусақ жаттығуларын үйренді.

8 Дидактикалық ойындардың картотекасы.
Мақсаты: балалардың танымдық белсенділігін, әуестілігін дамыту.
«Гүлді сипаттама бойынша тап»
Мақсаты: сөздік сипаттама бойынша гүлді табуға үйрету.
«Жұмбақ, сурет бойынша гүлді анықта»
Мақсаты: гүлдер туралы жұмбақтарды шешуге және сурет бойынша табуға үйрету.
«Гүлді жина»
Мақсаты: сөздік қорын кеңейту. Зат есімді есептік сан есіммен байланыстыруын жаттықтыру.
«Кілемді гүлдермен безендір»
Мақсаты: симметрия заңдарын, түстері, орналасуы, пішіні бойынша элементтердің сәйкестену заңдылығын тану, кеңістіктік ойлауын, қиялдауын, байқағыштығын және қабылдауы эстетикасын дамыту. жоба барысында сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта.
мұғалім,логопед, тәрбиеші топтық суреттер, тәжірибелік материал

тіл дамуының кемшіліктерін түзеу сабағыСенсорикасын және танымдық қабілеттерін дамыту

9 «Мен бағбаншымын» қимыл-қозғалыс ойыны
Мақсаты: гүл атауларын бекіту, бір-біріне кедергі келтірмей, жүгіру біліктіліктерін дамыту. жоба барысында сыныптан тыс уақытта серуендеу.
тәрбиеші топтық атрибуттар — Ұжыммен ойнау біліктілігін дамыту.

10 «Гүлдер туралы аңыздар» аппликация – оригами кітапшасын дайындау, гүлдерді бояу, «Менің сүйікті гүлім» ашық хатын дайындау.
Мақсаты: аппликация, оригами, бояулармен жұмыс бойынша тәжірибелік дағдыларын бекіту. жоба барысында сабақ барысында, сыныптан тыс уақытта
мұғалім, логопед, тәрбиеші жеке түрлі түсті қағаздар, қайшылар, желім, қарандаштар — Қағазбен, қайшымен жұмыс жасау біліктіліктерін бекіту.
сөздік қорын молайту
11 «Гүлдер туралы аңыздар» тақырыбында презентация.
Мақсаты: гүлдер туралы аңыздарды айтып беру. 17.05.16 оқушылардың сыныптан тыс уақыты топтық гүлдер туралы оригами кітапшасы — Аңыз мазмұнын байланыстырып айтып береді.

«Гүлдер» танымдық – шығармашылық жобасы

Жобаның түрі: танымдық – шығармашылық, қысқа мерзімді, топтық (СТЖД орташа – жеңіл деңгейі)
Сынып: 2 «А» (10 оқушы)
Жобаға қатысушылар: мұғалім, мұғалім-логопед, тәрбиеші, ата-аналар.
Жобаның өту мерзімі: 18.04.16 – 15.05.16
Жобаның өзектілігі:Табиғат баланы ерте жастан баулиды, бірақ ол оған шектелген, ол өзінің өзгешелігімен, жаңашылдығымен, танғажайыптылығымен оны қызықтырады. Табиғат баланы сезімді, ойын жеткізуге, сөйлеу тілін белсендіруге жетелейді.Сондықтан «Гүлдер» жобасы балаларға жақын және қызықты.
Гүлдер – бұл тек әдемілік қана емес, сонымен қатар қорғау және сақтау қажет, әрине білу де керек, өйткені ол тірі табиғаттың бір бөлігі. Әрбір гүлді үзіп ала алады, ал қай гүлді үзгендігін барлығы айта алмайды.
Мақсаты:Танымдық белсенділігін және еркін шығармашылық тұлғаны дамыту.
әдемі гүлдерЖобаның міндеттері:
— Оқушының дүниетанымын кеңейту;
— «Гүлдер» тақырыбы бойынша сөздік қорын нақтылау және кеңейту;
— Лексика – грамматикалық формаларын қалыптастыру;
— Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;
— Танымдық белсенділігін дамыту;
— Гүлдерді дайындауда құрастыру, бейнелеу қабілеттерін дамыту;
— Ұжыммен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру;
— Гүлдерге ұқыптылықпен қарауға және эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу;
— Ата-аналарды балалармен және педагогтармен бірлескен іс-әрекетке тарту.
Жобаның ерекшелігі:
Педагог ұйымдастырушы рөлінде болады, балалардың кез келген шығармашылық іс-әрекетін қолдайды, дербес еркіндік береді.
Біз тақырыпты педагогикалық және түзетушілік мақсаттарды шеше отыра, іс-әрекеттердің барлық түрлерімен жұмыс жасаймыз.
гүлдер тақырыбында сынып сағаты1 кезең: жобаға ену– мақсатты тұжырымдау.
Педагог балаларға жобаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді, жобаның мүмкін болатын өнімдерін көрсетеді. Жобаны бастау үшін тақырыпқа және жобаның қызметке ену мақсатында кіріспе әңгіме жүргізілді. Әңгімелесу нәтижесінде бұл тақырып бойынша балаларға не таныс екендігін, не қызықтыратындығын, қосымша не білгілері келетіндігін анықтадық.

2 кезең: қызметті ұйымдастыру – жобаны әзірлеу.
Жобаның түйінді идеясын іске асырудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
— «Гүл – жер көркі» әңгімелесу;
— «Гүлдер» топтық тіл дамуының кемшіліктерін түзеу сабағы;
— «Гүлдер туралы аңыздар» тақырыбында сынып сағаты;
— Гүлдер дүкеніне экскурсия;
— Гүлдер туралы аңыздарды, гүлдер бейнеленген ашық хаттарды, гүлдердің суреттерін желі бойынша іздеу және қарау;
— Көркем және танымдық әдебиеттерді оқу;
— Саусақ және тыныс алу жаттығулары;
— Дидактикалық ойындардың картотекасы:
«Гүлді сипаттама бойынша тап».
«Жұмбақ, сурет бойынша гүлді анықта».
«Гүлді жина».
«Кілемді гүлдермен безендір».
— «Мен бағбаншымын» қимыл-қозғалыс ойыны;
— «Гүлдер туралы аңыздар» аппликация – оригами кітапшасын дайындау, гүлдерді бояу, «Менің сүйікті гүлім» ашық хатын дайындау.
2 сынып сағаты гүлдер туралы.3 кезең: қызметті іске асыру – жобаны орындау.
Жоба мұғалім, логопед, тәрбиеші және балалардың және ата-аналардың тығыз байланысуымен жүзеге асырылды, жоба 4 аптаға созылды, көп бөлігі сыныптан тыс уақытта жүргізілді.
4 кезең: нәтижесін презентациялау – қорытындылау.
Балалар шығармашылығының өнімдері:
«Гүлдер туралы аңыздар» презентациясы;
«Гүлдер туралы аңыздар» оригами кітапшасы;
Гүлдердің суреттері, аппликациялары.
Оқушылардың жұмыстары.

Авторлары:

Мұғалім: Сыздыкова А.М.
Логопед: Балабаева М.Ж.
Тәрбиеші: Джуасова А.Е.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!