Жол тәртібін жадыңда ұста

Өткізген: №13 «Балдырған» Ясли-бақшасының тәрбиешісі Күзембаева А
Жол тәртібін жадыңда ұста
(Балабақшада ата- аналармен өткізілетін сайыс)
Құрметті ата- аналар, тәрбиешілер және біздің кішкентай сүйкімді бүлдіршіндеріміз!

Балабақшада, өткізілетін сайыстар, балаларға жол ережесі жайлы, жолда жүру тәртібі

Бүгінгі « Жол тәртібін жадыңда ұста» деген тақырыпта ортаңғы « Ботақан» тобының ата- аналары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.Бұл сайысымыз жолда жүру ережелерін білу өз өмірлеріңіз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажеттілігін түсіндіру, көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру мақсатын көздейді.
(Ортаға бастаушы екі бала шығады)

жол ережесі, тақпақтар, балаларға,

Көрініс:  «Үш көзді дәумен кездесу».

Көшеде арлы- берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам.

Ортаға жүгіріп бала шығады.

Бала: Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.

Бағдаршам: — Әй, тоқта! Қайда барасың?

Бала:- Сен кімсің?

Бағдаршам: — Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.

Бала:- Қалай? Қашан?

Бағдаршам:-  Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой,сенің бұның дұрыс емес.

Бала:- Енді қалай өтуім керек еді.

Бағдаршам:-   Сен мені жақсылап тыңдап айтқандарымды ұғып ал. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім  жанғанда жолдан өтуге дайындал- деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рүқсат, өте бер,- деген белгіні білдіремін.

Бала:— Жарайды  айтқаныңызды ұқтым, енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.

(Ортаға балалар шығады)

балабақша, сайыстар, балаларға

 

Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік- дей келе, осы сайысымызға әділ баға беретін әділ қазыларымызды сайлап алайық.

Жүргізуші:  Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің.

Шарттарымен танысып, бәріне дайын болайық,

«Жол тәртібін жадыңда ұста» атты мына сайыстың.

Құрметті ата- аналар  бүгінгі сайысымыз бес бөлімнен тұрады:

1)    «Мына жол белгілері нені білдіреді?»— деген сұраққа жауап беру.

Ата- аналарға жол белгілерінің суретін көрсете отырып, оның    қандай белгі екенін, қандай мақсатта айтылғанын атап беруін ұсыну.

2)    Тест сұрақтары.

Сіздерге қолдарыңызға тест сұрақтары беріледі. Ол сұрақтарда 3 жауап берілген. Сол жауаптардың дұрыс жауабын белгілейсіздер.

3)    Жұмбақтарды шешу:

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсыз бір үзім.  (Жол)

  1.  Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам елемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөнейді.  (Трамвай)

  1. Көліктің қаншасын жонынан өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген.  (Жол)

  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта.     (Бағдаршам)

Жүргізуші:  Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

  4) «Көше тәртібі»тақырыбында сурет салу, әңгімелеу.

Келесі соңғы сайысымыз балаға байланысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер айту.

Ата- аналар кезек — кезек өздері білетін бала жайында мақал- мәтелдер айту.

  Жүргізуші: Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,

Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік,- дей отырып әділқазыларға сөз береміз.

Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 3,00 из 5)
Загрузка...
  • Аиша

    осы жарияланған материал маған ұнады. осындай ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін іздестірген едім, қолдануға болатын материал екен. Бұл материалды Оқып отырып өткізу барысы да жақсы болған секілді. Әр түрлі бөлімдерді ұйымдастыру арқылы сайыстың мазмұны ашыла түскен. балалардың жолда жүру ережесін және сол жол ережесінің белгілерін сақтап жүргені дұрыс. Осы мақсатта өзім де тобымның балаларына жолда жүру ережесін, және ондағы белгілермен кем дегенде аптасына бір рет үйретіп отырамын. Осы мақалада маған қосымша ретінде қолдануыма жақсы болды. Рахмет

  • Булбул

    өте жақсы ұйымдастырылған іс-әрекет.Жолда жүру ережесі қазіргі өзекті мәселлердің бірі..ал бұл жерде ата-аналармен бірігіп өткізіліп тұр.Бала тәрбиесіндегі басты рөлді атқаратын ата-ананың осындай игілікті іс шараларға қатысуы өте дұрыс.жақсы маған ұнады.Қаламыңыз мұқалмасын

  • Кітапхана

    Рахмет. Өте жақсы сабақ

  • Акерке

    тамаша сабак

  • Айгуль

    Бірінші кіші топқа арналған жолда жүру ережесіне көбірек разработкалар жіберсеніздер

  • Гулмира

    Өте керемет

  • Мақсат

    Өте керемет

  • Роза

    керемет

  • данияр

    жаксы

  • sveta

    norm

  • Акерке

    Маган макала унады. Алдагы уакытта осындай ата- аналармен жургизилетин жумыстар кобейсе екен. Енбегинизге табыс тилеймин.