Қонжыққа қонаққа барамыз



«Балауса» балабақшасының педагог – психологы Курегенова Гульнар Рахишовна

Кіріктірілген сабақ .

Тақырыбы: «Қонжыққа қонаққа барамыз».

Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Қатынас».

Өткізу әдісі: Ойын түрде.

Мақсаты: Дамытушы ойынға қатысқанда  балаларға қуаныш, рахат  сезімін сыйлау; интеллектуалдық  іс-әрекетте  балалардың қызығушылығын қалыптастыру.

Міндеттері:

Құралдар: аңдардын іздері, қонжықтар ( 4), мақта, құм, ұсақ ойыншықтар, шелек (3), майлықтар (салфетки), талдар, телевизор.

Сөз жұмысы: қысқы орман, іздер, құм.

Әдіс-тәсіл: ойын, ғажайып сәт, сұрақ.

Сабақ барысы:

Кіріктірілген сабақ

 «Боранның әуені» естіледі, балалар топқа кіреді.(Әуен терапиясы).

-Балалар, қараңдаршы, мынау ненің іздері?  Іздер қайда барады? Бәріміз осы ізбен жүріп көрейік . Балалар, қандай керемет, біз таңғажайып орманға келіппіз ғой. Бәріміз таза ауамен демалайық.(Балалар орманның таза ауасын жұтады.: ароматерапия, қарағайдың иісі).Қараңдаршы қандай тамаша, айналада көп талдар.Мынаны қараңдар. Мынау аю ғой .Сәлеметсізбе аю. Бұл аю менің құлағыма бірдеңе айтпақшы. Бұл бізге арнап себет дайындапты, сол себетті алып біз мынау үстелге келейікте ,қарайық себетте не бар екенін.

№1 тапсырма: үстел үстінде үш қонжық отыр, олардың әрқайсысында шелек бар, құмның ішінен қарағайдың жаңғағын (шишка) тауып алып, бос шелекке салу керек. Сонымен қатар геометриялық пішіндерді құмның ішінен алып, олардың атаулары мен түстерін атау қажет.

№ 2 тапсырма: су құйылған ыдыстың ішінде балықтар жүзіп жүр, оларды сүзіп алып, шелекке салу керек.

№ 3 тапсырма : құмға саусақтармен аңдардың іздерін салу.

Саусақ гимнастикасы. Қыстырғыштармен саусақтарға массаж жасау.

-Балалар , мынаны қараңдар. Мынау не? Аңның іздері. Иә, бұл аюдың іздері, қараңдаршы балалар, қар жауып іздер көрінбей қалыпты.  Енді біз іздерді салып, тығылып қалған қонжықты тауып алайық.

Тәрбиеші балалармен бірге ватманға аюдың іздерін салады (картоппен, паралонмен).

Логоритмикалық жаттығу.      

Біз көңілді балалар,

Біздің атымыз – қонжықтар.

Жорғалағанды ұнатамыз,

Секіріп ойнағанды ұнатамыз.

Қонжық келеді,келеді,келеді,

Тыныш арыққа келеді,

Толық бұрылыс жасайды,

Арықты кешіп өтеді.

Гимнастика : «Қаршықты үрле».Балалар кішкентай мақтаны  қолына алып, оған  үрлейді, ереже бойынша: мұрынмен дем алады, ауызбен демін шығарады.

Ғажайып сәт: Қонжық келеді.

-Балалар,  қонжық біз үшін  өте қуанышты, өйткені біз тапсырмалардың бәрін орындадық, ол сендерге  сыйлық әкелді.Себетте тәттілер бар. Оған не дейміз?

Балалар: Рахмет.

-Сау бол.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...


Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!