Қысқы орман

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Сабақ тақырыбы: «Қысқы орман»
Мақсаты: Балалардың өнерге деген қызығушылықтарын, музыкалық қабілеттерін , шығармашылық, әншілік дауыс ырғағын, музыканың ерекшелігіне, ритмикалық екпініне сәйкес қозғалу- қимылдарын дамыту.
Қолданатын материалдар: ақшақарлар, аңдардың іздері, шыршалар, аққала, аңдар: қасқыр,түлкі, қоян, тиін т.б.
Сабақтың барысы:
1-Ұйымдастыру:
а) балалардың әуенмен кіруі, сәлемдесу, айналаға назарларын аудару.
ә) Аққала туралы жұмбақ.
б) Әуенді би қозғалыс: көңілді аққаламен бірге
2-Әуен тыңдау:
а) «Қыс», талдау, мазмұнын түсіндіру.
ә) «Ақшақарлар» биі (қимыл-қозғалыспен көрсету)
3- Вокал: а) Тыныс алу жаттығулары
ә) Дауыс жаттығулары
б) Ән үйрену: «Қыс қызығы»(Б. Ғизатов)
в) жаттығулар: (қол , аяқ, бет,құлақтар)
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Мұғалім: Балалар, қараңдаршы айнала қандай керемет! Біз қай жерге тап болдық? Мына жер неге ұқсайды? Әуен де ерекше…
-Балалар: Орманға!
Мұғалім Ия! Дұрыс айтасыңдар! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар: Қыс!
Мұғалім: Ендеше айналаға көз салайықшы, сендер не көріп тұрсыңдар?
-Балалардың жауабы.
Сабақ тақырыбы: «Қысқы орман»Мұғалім:
Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққардан.
Мұрны сәбіз, үп үшкір,
Көзі көмір, қап қара.
Шелек, қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Тауып көрші сен оны?
Балалар: АҚҚАЛА!
Мұғалім: Жарайсыңдар! Біздің бүгінгі Аққала досымыз өте көңілді екен! Ендеше бәріміз бірге «Көңілді Аққала» биін билейік!
Әуенді қимыл қозғалыс: би «Көңілді Аққала» (биден соң балалар отырады)
Мұғалім: Көп рахмет балалар, сендер жақсы биледіңдер! Балалар, айтыңдаршы, осы қыс мезгілі сендерге қандай ерекшеліктерімен ұнайды?
Балалар: Шана , коньки, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз!
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар? Ал енді, мына әуенді мұқият көңіл қойып тыңдайықшы?
Әуен тыңдау: «Қыс қызығы»
Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, әуен не туралы? Жылдың қай мезгіліне арналады?
Балалардың жауабы.
Мұғалім: Қане әуенмен ақшақардың жерге келіп түскенін қимылмен жасайықшы?
Әуенмен «Ақшақарлар» биін билейміз.
Тыныс алу жаттығулары.
Мұғалім: Балалар, қысқы орманның ауасы қандай таза, керемет!
а) Кәне, терең дем алайықшы! Енді демді сыртқа шығарайық!(3-4-рет жасалынады) Тыныс алу жаттығуларын жасадық, енді дауысымызға жаттығу жасайық!
ә) Ку- ку-ку , ду-ду-ду, ля-ля-ля- (терция, жарты тонмен)
б) Сырғанаймыз жоғары, сырғанаймыз төмен
в) Ән үйрену:
«Қыс» (Б. Ғизатов), орындау, мазмұнан қысқаша түсіндіру, 1-шумағын, фразамен үйрету.
Жаттығу: Ой балалар қысқы орман суық сияқты ғой? Қане қолымызды, денемізді, аяқтарымызды, құлағымызды, бетімізді, мұрнымызды жылытайық!
Мұғалім: Тамаша көңіліміз көтеріліп қалдық
Музыкалық, дидактикалық ойын:
«Әуенді тап»
Шарты: — Дорбадан бала аңды таңдап алады, атайды, түрін айтады, әуенмен қимылын көрсетеді, балалар бірге қосылады, (ойынға бірнеше бала шығады) қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, тиін т. б.
Мұғалім: Балалар сендерге ойын ұнады ма?
Балалардың жауабы.
Мұғалім: Кәне, муз-дидактикалық ойын: «Серуенге шығамыз»
Шарты: Марш ойналады: балалар жұптасып жүріп келеді, кенеттен крещендо – музыкалық тілмен айтқанда,балалар біріне бірі томсырайып ренжиді, күннің шыққан әуені – балалар жұбымен құшақтасып, татуласады, «Полька» ойналады: балалар билейді.
Мұғалім: Көп рахмет! Балалар,біз орманға серуенімізді аяқтайық, шеңберге тұрайық. Енді мына әуенді тауып көріңдерші?
Ән: «Ормандағы достар»
Балалардың жауабы.
Мұғалім; Ендеше осы әнді жақсылап әншілердей, әдемі дауыспен, көңілді орындайық.
Ән: «Ормандағы достар»әнін тағы бір рет қайталап,сабақты аяқтау.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!