Қысқы орманға саяхат

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Таным» .
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат. Мақсаты: допты еденге ұру және шынтақтан сәл бүгілген екі қолмен қағып алуды үйрету. Допты қағып алған соң кеудеге қыспай, қолмен еркін ұстауды бекіту. Жүру, жүгіру кезінде аяқты тырпылдатпай, жеңіл жүгіруге жаттықтыру.
Қолданылытын құрал -жабдықтар: жіп, доптар, шыршаның астында қар кесектері салынған қап (әр балаға 1 мақта кесегі немесе ақ поролон доп), ағаш аттар.
Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: «Қысқы орманға саяхат». Саптізбекте «жыланша» ирелендеп жүру, жүгіру:
-Томарды айнала өтеміз; тізені жоғары көтере омбы қарды аттап өтеміз; сап-тізбекте белгі бойынша бағытты өзгерте жүгіру.
Орманда адасып кетпеу үшін қол ұстасып жүреміз. (Қозғалыс кезінде бастаушының артынан көрнекі бағыт бойынша бір сап-тізбектен екі сап-тізбекке тұру).

Өздігінен уқалау: Кран ашыл! (Қолдың басын айналдыру).
Мұрным, жуын!
Екі көзім жуынсын!
Құлақтарым жуын!
Мойным жуынсын!
Жуынсын мойыным
Тамашалап, жуынсын!

қысқы орман
Балалар: Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.
Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.
«Қар кесегімен» орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:
1.«Қар кесегін ауыстырып сал».
Б.қ.: аяқ сәл алшақ , қол төмен. Қолды алға созып, қар кесегін бір қолдан екінші қолға ауыстырып салу. 4-5рет.
Б.қ.: қолды жанына қойып тіреле, аяқты алшақ қойып, еденге отыру, қар кесегі еденде.
2. «Қар кесегін көтер».
Б.қ.: Қолды жанына қойып тіреле, аяқты алшақ қойып, еденге отыру. О: Екі аяқпен қар кесегін қысып алып, жоғары көтеру, «қар кесегі, міне» деу; Б.қ. оралу. 5-6рет.
3. «Әрі бер».
Б.қ.: н.қ., қолды жоғары көтеріп, қар кесегін бір-біріне алға, артқа қарй беру. 3-4рет.
4. «Қар кесегін ауыстырып сал».
Б.қ.: Аяқ сәл алшақ, қаршамен қол төмен. Қолды артта ұстап, қар кесегін бір қолдан екінші қолға ауыстырып салу. 4-5 рет.
5. «Қар кесектерін кім тез қапқа салады?».
Қап белгілі бір қашықтықта. Балалар 2 сапқа тұрып, кезекпен қар кесектерін қапқа салады.
Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
— Еденге салынған жіп үстімен
жүру;
— Допты еденге ұру және оны қағып алу.

Қимылды ойын: «Бәйге»

Балалар жұптасып (ат, атбегі немесе шабандоз), бір-біріне кедергі жасамайтындай орналасып, мәре сызығына тұрады. Бірінші бала-ат-қолын артқа қарай созып, ал екінші бала- атбегі оның қолынан ұстап, екеуі жұптасып жүгіреді. Бірнші келген атбегі ілулі тұрған оюлы орамалды секіріп алуы керек. Ойын ережесі: жарыс тек белгі бойынша басталады. Орамалды атбегі ғана алады.
Балалар ойынға қызыға қатысады.
Қортынды бөлім.
Қимыл-қозғалысы аз ойыны: «Тауып ал».
Балалар нақты бір жұмсақ, резеңке ойыншықты сипалап танысады. Содан соң педагог ол ойыншықты адын ала дайындалған қапқа салады. Алдын ала дайындалған қапқа түрлі заттар, жұмарланған қатты қағаз, алғашқы ойыншыққа ұқсас, бірақ басқа материалдан жасалған таныс ойыншықтар салынады. Балаларға осы заттардың арасынан өздері танитын ойыншықты танып, тауып алу ұсынылады.
Ескерту: бірнеше топпен өткізу және топ санына сәйкес қаптар дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: еденге салынған жіп үстімен жүру; допты еденге ұру және оны қағып алуды.
Түсінеді: жаттығулардың маңызын.
Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!