Музыка жетекшілеріне арналған шығармашылық ойындар

Ересек топқа арналған ойындар картотекасы

«Кім жылдам?»
Мақсаты:
Балалардың бойында шапшаңдылықты,ептілікті дамыту.
Ойынның шарты: түрлі түсті жапырақтар жерге шашылып тасталынады.Ортаға II бала шақырылады музыка қосылған бойда жапырақтарды жинай бастайды.Ең көп жапырақ жинаған бала жеңімпаз атанады

«Апта күндерін тап»
Мақсаты:Апта күндерін білу,шапшаңдылықты тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Алдын ала дайындалған атрибуттар балаларға таратылады.(Дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі,бейсенбі,сенбі,жексенбі)Музыка қосылған бойда балалар залды айналып жүреді музыка сөнгенбойда тездетіп рет ретімен тұрулары тиіс.

«Сарбаздар»
Мақсаты:Балалардың бойында патриоттылық сезімді ,отанға еліне деген құрметті тәрбиелеу
Ойынның шарты:Музыкамен балалар сарбаздарды бейнелеп жүреді.Музыка сөнген бойда алдын ала дайындалған құрсауларға тұрып қалулары тиіс.Ең тез құрсауға кірген сарбаз жеңімпаз атанады.

«Ноталар сайысы»
Мақсаты: Балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Ойынның шарты:Жеті бала өздерін нотарлар деп бейнелейді де музыкамен залды айналып жүреді музыка сөнген бойда алдын ала дайындалған отырғыштарға отырып қалулары тиіс үлгермеген нота өз өнерін көрсетеді(тақпақ,ән,би т.б.)

скрипка ойыны
«Скрипка кілті»
Мақсаты:Балаларды кейбір музыкалық элементтерімен таныстыру.
Ойынның шарты:Алдын ала дайындалған скрипка кілттерін қолдарын ұстап музыкамен жүреді.музыка тоқтаған бойда қолдарындағы скрипка кілтін дайындалған құрсаудың ішіне салып үлгерулері тиіс.Ең соңғы үлгермеген бала өз өнерін көрсетеді.

«Аспаптың үні»
Мақсаты:Балалардың есту қабілеттерін дамыту
Ойынның шарты :Музыка жетекшісі түрлі аспаптың дауысын қосады .Ең тез спаптың үнін тапқан бала мадақталып ойынның соңында үздік музыкант атанады.

«Киіз үй»
Ойынның шарты :Балалар алдын ала екіге бөлініп шеңбер жасайды да киіз үй бейнелейді.Музыка қосылған бойда шеңбермен айналып жүреді.Тез музыка қосылған бойда қолдарын жіберіп залдың ортасына жиналып билейді.Жай музыкақ қосылған бойда тездетіп қайтадан киіз үйлерін құрулары тиіс қай топ тез киіз үй құрса сол жеңімпаз атанады

«Балықтар»
Мақсаты:Балалардың бойында шапшаңдылықты дамыту
Ойынның шарты:Балалар өздерін балықтар болып бейнелейді.Музыка қосылған бойда залды айналып жүзіп жүреді.Музыка тоқтаған бойда алдын ала дайындалған құрсауларға кіріп алулары тиіс.құрсауға үлгермеген балық ойынннан шығады

«Торғайлар мен машина»
Мақсаты : Балаларды түрлі көлік түрлерімен таныстыра отыра табиғатты аялауға тәрбиелеу
Ойынның шарты:Топ алдын ала екіге бөлінеді біреуі торғайлар екіншісі машиналар болып бейнелейді.Музыкамен торғайлар мен машиналар залды айналып жүреді,музыка сөнген бойда торғайлар алдын ала дайындалған бұталарына қонады ал машиналар өз орындарын шапшаң табулары тиіс.

«Ақ ұлпалар»
Мақсаты:балалардың бойында шапшаңдылық дамытужәне қысқы табиғаттың ерекшелктерін атап өту
Ойынның шарты: Ақ ұлпаларды жерге шашып тастаймыз музыка қосылған бойда екі қатысушы бала шапшаң ақұлпаларды жинап алулары тиіс.Көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

«Бақташы»
Мақсаты: Балаларды ауйл ерекшелігімен таныстыра отыра музыкалық қабілеттерін дамыту
Ойынның шарты: Екі бала бақташы ролін сомдайды ал қалған балалар қой ешкі немесе ірі қараларды сомдайды жай музыка қосылған бойда қойлар жайлауда жүргендей болды тез музыка қосылғанда бақташы қойларды ұстап орындарына апарып тасталары тиіс

қызықты жаңбыр
«Жаңбыр»
Ойынның шарты:Жай музыка қосылған бойда балалар алақандарымен жаңбырдың дыбысын соғу арқылы бейнелейді тез музыка қосылған бойда алақандарымен жаңбырдың құйып жатқандығын білдірулері тиіс музыка сөніп қалған бойда кенет тоқтатулары керек ең соңғы шапалақ ұрып қалған бала һз өнерін көрсетеді

«Орамал алу»
Ойын шарты;
Бұл ойынға бірыңғай ұлдар қатысуы керек. Тәрбиеші ортаға әдемі өрнектелген орамалды қояды. Өзі сылдырмақты сылдырлатып балалардың саппен шеңбер жасап жеңіл жүруін қадағалайды. Сылдырмақтың дауысы тоқтаған кезде балалар орамалды дереу жоғары көтеріп алуы керек. Орамалды кім бұрын көтерсе сол жеңіске жетеді. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

«Ормандағы аю»
Ойын мазмұны: Балалар алаңның бір шетіне топтала тұрады, ал қарама-қарсы бетте аю рөліндегі бала отырады. Балалар әндете орманда құлпынай теріп, аюға қарай жақындай түседі.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Балаларды көріп аю оларды қуа жөнеледі. Балалар қашып өз орындарына барады. Аю қайтадан ұйқыға кеткенде балалар тағы да жидек теруге шығады. Ойын осылай жалғаса береді.
Нұсқаулар: Жетекші балаларға бір-біріне соқпай, абайлап үгіруді ескертеді. Жетекші балалардың қашып өз орнына жетуіне мүмкіндік беріп, жай жүгіреді. Балалар бірнеше рет ойнап үйренген соң аю рөліне баланы қоюға болады.

«Гүлдер мен аралар»
Ойынның мақсаты: Балаларды кеңістікті бағдарлай білуге үйрету, епті, шапшаң, зейін қойғыш және аңғарымпаз болуға тәрбиелейді.
Ойынның шарты: Ортаға күлтешелі әдемі гүлдер қойылады. Аралар сазды әуеннің ырғағымен ұшып жүреді де, әуен тоқтаған кезде әр күлтешеге барып қонады. Гүл күлтешелері жетпей қалған бала ойыннан шығады.
Дем алу жаттығулары:
Көбелектер, көбелектер
Түн болғанда ұйықтайды-балалар дем алады.
Көбелектер, көбелектер,
Күндіз тыным таппайды-балалар дем шығарып қолдарындағы көбелектерді ұшырады.
Ара бикеш ұшып кетеді.

түлкі музыкалық ойыны
«Түлкі түлкі»
Мақсаты:Балаларды жылдамдылыққа үйрету
Ойынның шарты:Орманда түлкі ұйықтап жатады (Бір бала түлкі ролін сомдайды) қалған балалар жай музыкамен орманда жүріп келе жатқандай болады тез музыка қосылған бойда түлкі оянып балаларды ұстап өзінің үйіне апаруы тиіс.Ең соңғы өзін түлкіге ұстатапаған бала жеңімпаз атанады.

Даярлық тобына арналған ойындар картотекасы

«Көлеңке»
Мақсаты: Балалардың бойында музыкалық қабілеттерін ояту және қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты:Музыкамен балалар екі топқа бөлінеді де бір топтың қимылдарын келесі топ бұлжытпай орындаулары тиіс. Қателескен топ жеңіледі

«Қонаққа шақыру»
Мақсаты:Балалардың мейірімділікке тәрбиелеу
Ойынның шарты:Санамақпен белгілі бір бала таңдалып алынады да сол баланың үйіне қонаққа баратындай болады музыкамен таңдалған бала бір бірден достарын өзінің үйіне қонаққа шақырады ойынның соңында барлығы бір бірінің қолдарын ұстап ұстап таңдалған баланың үйіне қонаққа барады.( елестету)

«Шабандоз» ойыны. Немесе «Бақташы»
Ойынға қатысушы екі шабандоз бала,оамал ұстайтын қыз бала керек.Басқа балалар өлеңін айтып тұрады.
Шабандоздар келеді,
Астында аты желеді.
Шауып келе жатып,
Орамалды іледі, -деген кезде қыз бала орамалды тастап жібереді.Қай шабандоз орамалды бірінші алса,сол жеңген болады.

«Торғайлар»
Мақсаты: Баларды музыканың кейбір жеңіл элементтерімен таныстыру
Ойынның шарты: Алдын ала дайындалған атрибуттар (торғайлар) балаларға беріледі және алдын ала дайындалған ағаштың бұтасы болуы тиіс,музыка қосылған бойда торғайлар ұшып жүреді музыка сөнген бойда торғайлар тездетіп бұталарға қонып алулары тиіс ең соңғы қонған торғай ойынна шығады.
«Самолет »
Мақсаты: балаларды музыка арқылы эстетикаға тәрбиелу
Ойынның шарты:Музыкамен балалар самалет образын сомдап залда ұшып жүреді музыка сөнген бойда самалеттер өз орындарына қонулары тиіс.үлгермеген самалет ойыннан шығып қалады.
тік ұшақ
«Поезд»
Ойын барысы: Балалар калоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай) Біріншісі-паравоз да, қалғандары вагондар. Жетекші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, содан кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Позд станцияға жақындап келеді»,-дейді жетекші. Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, позд тоқтайды. Балалар серуенге шығады. Олар жан-жаққа тарап гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршіктер тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан калоннаға тұрады. Поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Нұсқау: Алғашында балалар калоннаға кез-келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды, өз вагондарын табуды үйренеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады. Мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б бейнелейді.
«Тышқандар мен мысық»
Ойын мазмұны: Балалар-тышқандар індерінде отыр (бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан жағына қойылған орындықтарға). Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Мысықтың рөлін жетекші атқарады. Мысық ұйықтап кеткенде тышқандар бөлмеде жүгіреді. Бірақ іне, ысық оянады.Керіліп-созылады, мияулайды. Жан-жағына қарап ап тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар тез қашып кетеді және індеріне тығылып қалады. Барлық ттышқандар індеріне қайтып келгеннен кейін мысық бөлменің ішін тағы бір аралап шығады. Содан соң өз орнына қайтып келеді және ұйықтайды. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Нұсқау:
Мысық көзін жұмып ұйықтаған соң ғана тышқандардың індерінен жүгіріп шығуларына болады. Ал індеріне мысық оянып, мияулай бастағанда ғана оралады. Жетекші барлдық тышқандардың індерінен жүгіріп шығуын қадағалайды. Ойынға ойыншық мысықты да пайдалануға болады. Балалар өрмелеп шыға алатын кубиктерді де пайдалануға болады.

«Күн мен Жаңбыр»
Ойын шарты:
Балалар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы екі сызықтың бойына тұрады. Тәрбиеші топтың біріне «Жаңбыр» екіншісіне»күн» деп ат қояды. Тәрбиеші «күн» десе «күн » тобындағылар, түн тобындағыларды алаң шетіне дейін қуып барады. Ұстап алғандарды өз тобына қосып алады. Әрі қарай ойын керісінше жалғаса береді.
күн туралы ойын
«Кім шапшаң»
Ойын шарты: Балалар жерде жатқан доптарды жинап себетке салуы тиіс. Допты себетке көп салған бала, жеңіске жетеді.

«Орныңды тап»
Ойын шарты:
Балалар айнала дөңгеленіп, екі-екіден бірінің артына бірі тұрады. Екі ойыншы жүгіріп, бір-бірін қуалайды. Біреуі екі адамның алдына келіп тұра қалуы керек. Осы кезде артта тұрған ала жүгіреді. Қуып жүрген бала ұстап алса, өзі қашады. Осылай ойын жалғаса береді.

«Сылдырауықты сылдырат» (сылдырауыққа дейін еңбектеп жет).
Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Тәрбиеші балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды, сөйтіп, өз орнына келеді.
Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.

«Торғайлар»
Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем болады. Бұл – торғай ұялары.
Барлық балалар – қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп – ұшып жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.
Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.
торғайдың суреті
«Бақалар»
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынадай өлең айтады:
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.

«Балапан»
Балалар балапандарды, ал тәрбиеші ұя басқан тауықты бейнелейді.
Бөлменің немесе алаңның бір жағында қоршалған орын. Бұл – үй (жалаушалар тізбектеле жіп 40-50см биіктіктегі ағаштардың немесе бағандарының арасымен тартылады). Үйде балапандарымен ұя басқан тауық орналасқан.
Тауық балапандарына тамақ (жем) іздеп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол: «Ко-ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Бұл сигналда естіген балапандар жіптің астынан өтіп, енесіне келеді.

«Орындықтарыңды тап»
Ойын шарты:
Балалар айнала дөңгеленіп, екі-екіден бірінің артына бірі тұрады. Екі ойыншы жүгіріп, бір-бірін қуалайды. Біреуі екі адамның алдына келіп тұра қалуы керек. Осы кезде артта тұрған ала жүгіреді. Қуып жүрген бала ұстап алса, өзі қашады. Осылай ойын жалғаса береді.

«Жапырақтар»
Мақсаты:балаларды тездікке,шапшаңдыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу
Ойынның шарты:Алдын ала қиылып дайындалған түрлі түсті жапырақтар жерге шашылып тасталынады екі бала таңдалынып жапырақтарды себетке тез тез тасуы тиіс ең көп жапырақ жинаған бала жеңімпаз атанады.
жапырақтар балабақша ойыны
«Жемістер»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру және музыкалық қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Ойыннның шарты:Екі бала алдын ала таңдалынып алынады да жерге себілген жеміс-жидектерді өз себеттеріне жинаауй тиіс ең көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

«Аққала»
Мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшеліктерінмен таныстыра отыра балаларды музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру
Ойынның шарты:Топ балалары өздерін аққала етіп бейнелейді,музыкамен шеңбер болып бір бірінің қолдарын ұстап жүреді музыка сөнеген бойда әр аққала өз орындарын тұрып қалулары тиіс.

«Үйректер»
Мақсаты:Музыка арқылы түрлі құстармен және олардың ерекшеліктерімен таныстыру
Ойынның шарты:Балалар дайындалған атрибуттарды бастарына киіп үйрек ролін сомдап залды музыкамен айналып жүреді.Тез музыка қосылса ортаға келіп билеп билеп алады.Жай музыка қосылған бойда тездетіп орындарын тауып алулары тиіс.( рет ретімен,кімнен кейін кім тұрғанын ойынның басында жаттап алулары тиіс).

«Анаңа гүл жина»
Мақсаты:Музыка арқылы анасына әжесіне деген сыйластықтарын арттыру. Есту қабілеттерін дамыту
Ойыннның шарты: Алдын ала дайындалған гүлдерді музыказалына себіледі ,санамақ бойынша таңдалған екі бала музыкамен тездетіп аналарына гүл жинаулары керек.Ең көп әрі шапшаң гүл жинаған бала жеңімпаз атанады

«Қамалды қорғау»
Ойын шарты: Ортада үлкен шеңбер сызылады да, оның ортасына бір орындық қойылады. Бұл – қамал болады. Балалар қаламақ айтап – айтып, бір баланы осы қамалдың қорғаушысы етіп сайлайды. Балалар тәрбиешінің берген белгісі бойынша қамалға доп лақтыра бастайды. Ортадағы бала қамалды қорғайды. Допты қамалға тигізген бала қорғаушымен орын алмасады.

ойындар картотекасы
» Итеріспек»
Ойын шарты:Ойын кең жерде өтеді. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Жерге үлкен шеңбер сызылады да, ортаға екі ойыншы шығады. Екі ойыншы бір аяғын көтеріп бір аяқпен секіріп жүріп бір-бірін итеріп аяқтарын түсірмей сызықтан шығарып жіберуі керек. Бір аяқпен секіріп жүріп қарсыласын итеріп сызықтан шығарған бала женген болып есептеледі. Егер аяғын жерге тигізіп алса жеңілгені болып саналады.

«Допты соқ»
Ойын шарты: Балалар екі командаға бөлінеді де өз командаларына ат қояды. Екі команда бір-бірінің қақпасына доп соғады. Допты көп соққан команда жеңіске жетеді.
***
«Өз түсіңді тап»
Ойын шарты: Балалар 3-4 жалауша алады бірі жасыл, екіншісі көк, үшіншісі сары алады да 4-5 адамнан төрт бұрышқа топтасады. Әр түрлі жалаушалар (жасыл,көк,сары) қояды. «Өз түсіңді тап» деген жаңа сигналды естіген бойда балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіред

«Кім жоғын тап»
Ойын шарты: Балалар айнала шеңберге тұрады. Ортаға бір бала шығады. Ортадағы бала шеңберде тұрған балаларға мұқият қарап, барлығын есіне сақтауы тиіс. Содан соң тәрбиеші оның көзін байлап қояды да шеңберде тұрған балалардың біреуін жасырып қояды. Ортада тұрған бала көзін ашып шеңберде қай баланың жоқ екенін табуы тиіс.

«Допты қуалау»
Ойын шарты: Балалар айнала дөңгеленіп тұрады. Тәрбиеші түсі екі түрлі допты ортаға береді. Балалар доптың біреуін алға жібереді де, екіншісін артынан жібереді. Шеңберде тұрған балалар доптарды бір қолдан екінші қолға өткізе береді. Екі айналымнан кейін орнын ауыстырады.
доппен ойналатын ойындар
«Поезд»
Ойын шарты : Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады. Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар. Балалар бірінің соңынан бірі «шу-шу» деп жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді. Одан кейін жүруді баяулатады, ақырындап тоқтайды да » Аялдама» деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан тәрбиеші » поезд» ойынын ойнауды ұсынады. Мен паровоз жолға аттанады.
«Қамалды қорғау»
Ойын шарты: Ойыншылыр үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына қамал есебінде орындық қойылады да бір бала қорғаушы болады. Шеңбер бойымен тұрған ойыншылыр доппен қамалды атқылай бастайды. Ал қорғаушы болса допты қамалға тигізсе, сол бала қамал қорғаушы мен орнын ауыстырады.
Ойын осылайша жалғаса береді.

«Доп»
Ойын шарты: Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды. Баланың қолын басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші мынадай өлең айтады.
Секең, секең, секеңдеп
Қайда зырлап кетпес доп.
Төмен, төмен, төмендеп,
Жерге жетер-жетпес доп.
Доп болып осылай секіреді. Тәрбиеші әр баламен кезекпен ойнайды.

«Тым-тырақай»
Ойын шарты:Ойнаушы балалар шеңберге тұрады. Балалар тәрбиешінің белгісіменен:
Ал, кәнеки, балалар,
Бір, екі, үш –
Бір, екі, үш –
Ал тараңдар, —
деп, жан-жаққа бытырай қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алуы керек. 2-3 бала ұсталған соң, тәрбиеші бір, екі, үш деп санағанша балалар тез шеңбер құрып тұрады. Ойын қайта басталады.

«Жалғыз аяқ жол»
Ойын шырты: Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да жерге сызылған суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екенін назар аударады (20 см екі қатар сызық). Бұдан кейін балалар, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынын бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайтады.

жолдар ойын
«Алмасу»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады. Тәрбиешінің берілген белгісі бойынша, екі жақтағы балалар бір аяқтарын көтеріп қарсыластарының орнына тез барып тұруы керек. Бір-біріне қарсы келе жатқанда кездескенде аяқтарын жерге түсірмей қолдарын беріп , амандасып, әрі қарай секіре береді.

«Қағып ал»
Ойын шарты: Балалар екі қатарға бөлінеді де бір-біріне доп лақтырады. Допты жерге түсірмей қағып алады.

«Күн мен Түн»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы екі сызықтың бойына тұрады. Тәрбиеші топтың біріне «түн» екіншісіне»күн» деп ат қояды. Тәрбиеші «күн» десе «күн » тобындағылар, түн тобындағыларды алаң шетіне дейін қуып барады. Ұстап алғандарды өз тобына қосып алады. Әрі қарай ойын керісінше жалғаса береді.
***
«Кім шапшаң»
Ойын шарты: Балалар жерде жатқан доптарды жинап себетке салуы тиіс. Допты себетке көп салған бала, жеңіске жетеді

«Орамал алу»
Ойын шарты: Бұл ойынға бірыңғай ұлдар қатысуы керек. Тәрбиеші ортаға әдемі өрнектелген орамалды қояды. Өзі сылдырмақты сылдырлатып балалардың саппен шеңбер жасап жеңіл жүруін қадағалайды. Сылдырмақтың дауысы тоқтаған кезде балалар орамалды дереу жоғары көтеріп алуы керек. Орамалды кім бұрын көтерсе сол жеңіске жетеді. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

«Орныңды тап»
Ойын шарты:Балалар айнала дөңгеленіп, екі-екіден бірінің артына бірі тұрады. Екі ойыншы жүгіріп, бір-бірін қуалайды. Біреуі екі адамның алдына келіп тұра қалуы керек. Осы кезде артта тұрған ала жүгіреді. Қуып жүрген бала ұстап алса, өзі қашады. Осылай ойын жалғаса береді.

Күз мезгіліне арналған балабақша картотекасы

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (2 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...
Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!