Нан тамақтың атасы

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы Нан-тамақтың атасы
Сілтеме Алматы «Атамұра»2013 жыл Оқулық авторлары: К.Жүнісқызы, Н.Жапанбаева
Мақсаты

1. Нанның дастарханға келуі туралы мағлұмат беру.
2. Тілін,сыни ой-өрісін дамыту.
3. Білімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Нанның дастарханға келуі туралы мағлұмат алады.
Тілін,сыни ой-өрісін дамиды.

Түйінді идеялар Нан –тамақтың атасы екендігіне көз жеткізу.
Дереккөздер мен жабдықтар: Дүниетану әдістемесі
Әдіс-тәсілдер Диалог арқылы, ой туғызу, миға шабуыл,
топтық жұмыс, жеке жұмыс арқылы, деңгейлік тапсырмалар. Ақылдың алты қалпағы
Блум таксаномиясы 7 модуль Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті

Бағалау
Жас ерекшеліктеріне қарай білім беру Оқушыларды жемістер, көкөністер және ұн өнімінен дайындалған тамақтардың суреттерін беру арқылы үш топқа бөлу.
Мәтінді 2- 3 оқушыдан сұрау. Жазып келген жұмбақтарын тексеру. Күннің суретін бағалап шығу.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мадақтау
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау
нан туралы

Білу

Сыни ойлау Миға шабуыл. Деңгейлік тапсырма.
1-деңгей. Өлеңде не туралы айтылған? Өлеңді жаттап ал.
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса, баспаңдар!
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
(Өлең нан туралы)

Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен танысу тапсырылады.
— Нан – тамақтың атасы – деп не үшін айтылған?
Оқушылар өлеңді жаттап, не туралы айтылғандығын баяндайды.

Мәтінмен танысып шығады.
Сұраққа жауап алу Смайликтер тарату
Түсіну 2-деңгей. Тұқымдық дәнді нанға айналдыр. Қалып қойған буынды дәптеріңе жаз.
Нан сенің отбасыңдағы дастарқанға қалай келеді? Оқушылар дәптерлеріне орындап шығады.
Өз ойларын баяндайды. Смайликтермен бағалау

Қолдану Оқытудағы жаңа тәсілдер.
Топтық жұмыс 3-деңгей. Ендеше кімдер еңбек етті, дәптеріңе жаз.
Тракторшы, диқаншы, комбайыншы, жүргізуші, диірменші, наубайшы, дүкенші.
Сүт, айран, май сияқты тағамдар отбасы дастарқанына қандай еңбекпен келетінін түсіндір.
Мамандық иелерін дәптерлеріне жазады.
Басқада тағам түрлерінің дастарханға қалай келетіндігін әңгімелейді.
Смайликтермен бағалау
Талдау Сыни ойлау Дарынды,
талантты баламен жұмыс 4-деңгей.
Нан астың атасы1. Нанды пісіріп дайындау үшін қандай жұмыс тәртіптері орындалатынын ретімен қой.
2. Сөзжұмбақты шеш.
3. Тағамдарға байланысты тыйым сөздер.
«Нанды аяқ астына тастама, баспа»
«Сүтті төкпе, баспа» Түсіндір.

Нанның дайындалу тәртібін ретімен қойып, айтып береді.

Сөзжұмбақты шешеді.
Үлкендерден естігін тыйым сөздерді жазып шығады. Смайликтермен бағалау
Жинақтау Диалогтік оқыту

Топтастыру.
1-топ
2-топ: Нанды бір бала далаға лақтырып кетті. Әрі қарай жалғастырып, көрніс көрсету тапсырылады. Флипчртқа топтастырады.
Көрніс көрсетеді. «Бір сурет, бес сөз» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын бағалау.
Бағалау Сыни ойлау Эдвард де Боно «Ақылдың алты қалпағы»
М А Қ С А Т Ы: әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”
Ас атасы не екен? Неге ас атасы деп аталады, түсіндір.
Алты қалпақ өзіндік идеяларын қорғайды. Смайликтермен бағалау

Рефлексия Үйге тапсырма: «Нан – тамақтың атасы»
тақырыбына эссе жазу.
Үлкен жүректің суретіне өз пікірлерін жазу тапсырылады.
Стикерлерге алған әсерлерін жазады. Смайликте-рін санау арқылы топ жеңімпаз-дары анықталады, бағаланады.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!