Cергіту сәтіне арналған тақпақтар

Мен орыс тілінде білім алатын сыныптарда қазақ тілінен сабақ беремін, бастауыш сыныптарда міндетті түрде сергіту сәтін өткіземіз. Ол міндетті түрде болуы керек. Сондықтан әр мұғалім үшін пайдалы болар деген ниетпен өзім сабақта қолданып жүрген сергіту сәтіне арналған тақпақтарды ұсынып отырмын.

 ***

Мынау- менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау- әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

***

sergitu takpaktari

***

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды көтерем.

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын,

Солға қараймын.

Біраз сергіп аламын.

***

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

***

Шешем менің  — дәрігер,

Адамдарды ол емдер.

Әкем менің – инженер,

***

Қаламызды көркейтер.

Ойыншықтар бар сенде,

Ойыншықтар бар менде.

Ат пен доп бар Есенде,

Қуыршақ бар Әселде.

***

Бір, екі, үш,

Сан үйрену күш.

Үш, төрт, бес,

Санай біл тез.

***

Кітап жатыр сөмкеде,

Қалам жатыр үстелде.

Дәптер жатыр партада,

Бәрі- бәрі орнында.

***

Бәрі оянады

Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды

Түн, түн, түн.

***

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.

***

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

***

Ақмарал, мектепке бар,

Оқу құралдарын ал:

Кітап, қалам, өшіргіш.

Қарындаш, дәптер, сызғыш.

***

Қарағанды қаласы

«№81 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мұғалімі Шәкәрімова Гүлдана Қуатқызы

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (4 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Загрузка...
Похожие статьи

комментария 22 Пікір қосу

  • Сіздің сергіту сәтіне арналған тақпақтарыңызды сабағымда қолдандым.Біз сияқты жас мамандармен өз тәжірибелеріңізбен бөліскеніңіз үшін.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  • Сергіту сәтіне арналған тақпақтарыңыз өте тамаша.Сізге көп рахмет!

  • сіз қай тілде жаздыңыз?

  • ауууууууууууууу

  • қалай тасырыс береміз

  • Маған срочно!!!!!!!!! технологиялық карталар керек Ортаңғы топқа 2-кіші топқа 1-кіші топқа 1 жылдык технологиялык карта бар ма, отініш

    • Саламатсыз, бізде бар барлық материалдар тексеруден өткен соң бірден сайтқа жарияланады және біз мұндай материалдарға тапсырыс жасамаймыз.

  • тамаша!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  • Ваще аз еще биттей балалардыкы

  • 1-і сабилер тобына барлык оку-іс арекетінен 1 жылдык технологиялык карта бар ма, отініш

  • балабақша портфолиосының үлгісін қалай алуға болады?

  • бәрі де жақсы, кішкентайларға арналған.

  • Балабакшага арналган портфолионы калай коширемин

  • Tamawa rahmet

  • Mina sergitu sati kop bolsa bizge kerek

  • Жаксы!!!

  • Кишкентай балаларга оте жаксы такпактар.оте унады

  • тамаша екен,,,, егерде ренжимесениз маған комек керек еді!

  • Өте жақсы ұнады

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!