Сөздермен дыбыстар

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Сабақ түрі:Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы:«Сөздермен дыбыстар»
Сабақтың мақсаты:1. Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру.

2. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты,

дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.

3. Есту қабілетін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте әріптер.Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру 

Сабақ барысы:

Балалар назарын өзіме аударып, есік қағамын, олардан не естігендерін сұраймын.

—         Дұрыс балалар, сендер дыбыс естідіңдер.

—         Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек. Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа . М; Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік.

—         Айырмашылығы қандай? Енді осы дыбыстардан сөз құрайық.Алдарыңда тұрған суреттерден көрген заттардың аттарын атаңдар.

—         Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады.

—         Енді балалар «Ана» сөзін талдайық. «Ана» деген сөзде  неше дыбыс бар?

—         Дұрыс айтасыңдар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, неше дыбыстан тұратынын айтыңдар.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Алфавит сыры:

Алфавиттің А тұрады басында.

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде? Түсінші.

А деген ол –

Аналар ғой ардақты.

Ә деген ол –

Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол –

Балалар ғой әдемі,

Біздің елде

Үшеуіде кәделі….

Алшақ кетпей,

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында!

—         Жақсы балалар , енді дыбыспен сөздің айырмашылығы неде? соны айтып беріңдерші.

—         Дыбыс қандай болады?

—         Жан – жануарлар қалай дыбыстайды?

Қорытынды:

Балалар бүгінгі тақырып бойынша мағлұмат алды. Ең көп сабаққа қатысып отырған бала мадақталды.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!