Тіл – татулық тірегі

Тақырыбы: «Тіл – татулық тірегі».

Мақсаты: Балаларды өз ана тілінде таза сөйлеуге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Балалардың үш тұғырлы тілді мегеруіне бағдар беру. Ана тілді білу арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұмбақ айту, әңгімелесу, мақал-мәтел, тақпақтар айту.

Көрнекіліктер: Елбасының, Астананың суреті, нақыл сөздер, видеоролик

Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады.

— Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Неге екенін білесіңдер ме? Себебі біз Тіл мерекесін тойлағалы жатырмыз. Бүгінгі ашық оқу қызметімізде Тіл мерекесіне арналмақ. Олай болса қазір біз шаттық шеңберін құру арқылы, көтеріңкі көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.

Шаттық шеңбер.

Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры — қуат, сөзі – ана уызындай, Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

— Тамаша, орындарыа жайғаса қойыңдар.

тіл туралы сценарий

— Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Сендер сол жұмбақтың жауабын табу арқылы бүгінгі Тіл мерекесіне арналған тақырыбызды аша түсетін боласыңдар. Олай болса жұмбақты мұқият тыңдаңдар.

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

— Дұрыс айтасыңдар. Мінекей көрдіңдер ме жұмбақтың жауабы да бүгінгі тақырыбымызбен тығыз байланысты екен я.

— Балалар, айтыңдаршы біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Ұлтымыз қандай?

— Біз қай тілде сөйлейміз?

— Біздің ана тіліміз қай тіл?

(Балалар сұрақтарға жауап береді)

— Балалар, сендер білесіңдер ме біздің «Тіл туралы» Заң қашан қабылданғанын?

1989 жылы 22 ыркуйекте «Тіл туралы» Заңымыз қабылданды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл туралы көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушылырымыз өз ойларын айтып кеткен болатын. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге қысқаша құлақ асайық.

1 слайд: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».

Ғ. Мұстафин.

2 слайд: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов. 3 слайд: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.

Әрине, әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Тіл туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ойын тыңдап көрейік (видеоролик)

Мінекей, бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Балалар, бүгін біз Елбасымыз айтқандай 3 тұғырлы тілді тілге тиек ете отырып 3 тілде амандасып үйренеміз.

3 тілде амандасу.

Қазақ тілінде – Сәлеметсіз бе?

Орыс тілінде – Здраствуйте?

Ағылшын тілінде – Неllo?

Балалар, есік қағылған сияқты. Бізге біреулер қонаққа келген сияқты.(Балалардың назарын есікке аударады). 3елдің ұлт өкілдері кіреді де өздерін таныстырады.

Бибінұр: Менің атым – Бибінұр. Мен қазақ қызымын. Мен Қазақстанда туылғанмын. Менің отаным – Қазақстан.

Нарқыз: Меня зовут – Наркиз. Я русская. Я родился в Казахстане.

Айша: Неllo, im an English girl. My name is Aisha. My homeland from Kazakhstan

Ендеше, біздің елге қош келдіңіздер.

Қане, балалар, келген қонақтарымызбен 3 тілде амандасайықшы.

Сәлеметсіз бе?

Здраствуйте.

Неllo?

Тамаша, балалар. Ендеше қонақтар төрлетіңіздер. Бізде бүгін айтулы мерекеміз Тіл мерекемізді тойлап жатыр едік. Балаларымыздың тапқырлығын, ақылдылығын танып, сіздерде сол мерекеміздің куәсі болыңыздар.

Ал енді балалар, тіл туралы кім тақпақ біледі?

Әсемай

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Анам тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Берекет:

Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Жұлдызай

Ана тілің — арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте… Айша бибі

Ана тілім бал тілім Өзің барда шалқыдым Өз тілімде ән шырқап Термелетіп балқыдым

Нұртас

Тілім барда мақтанам. Тілім менің аппақ ән Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

Раяна

Ана тілді білмесем Шат-шадыман күлмес ем Жер бетінде сайраңдап Қазақ болып жүрмес ем

Жансезім

Ана тілің біліп қой Еркіндігің, теңдігің

Ана тілің біліп қой Мақтанышың, елдігің

— Тамаша, жарайсыңдар. Ал енді балалар орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын орындайық.

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау мені басым

Бәрін өзі басқарқан.

Мынау менің – оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарған

Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасыңдар. Ал енді балалар, бүгін бізге қонақтар келіп қалған екен тіл туралы қандай мақал мәлел білетінімізді де айтсақ қалай қарайсыңдар. Қане кім мақал-мәтел біледі. Қонақтар бізге риза болып отырсын.

Айзере: Адам көңілден азады, тілден жазады

Айсұлтан: Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Жансая: Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Т. Айару: Бал тамған тілден у да тамады

Аякөз: Өнер алды – қызыл тіл.

Қорытынды.

Мінекей балалар, Тіл – халықтың жаны демекші әр халық өз ана тілін ешқашан ұмытпауы тиіс. Ертеңгі болашағымыздың иесі сендер болғандықтан өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілі екендігін естен шығармаңдар. Тілімізді қадірлеп, қастерлей білесіңдер деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз. Келген қонақтарымызбен қоштаспай әрі қарай өз өнерлерімізді көрсететін боламыз. Сендерге рақмет балалар.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (10 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Загрузка...

комментариев 5 Пікір қосу

  • Тіл алтын қазынамыз. Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте демекші, елбасымыз айтқандай 50 дамыған елдің қатарына ену үшін өз тіліңді ұмытпай өзге тілді де жетік меңгеру қажет. тілді құрметтеу, дәріптеуіміз керек. Ол жұмыс бастауыш сыныбынан басталады. Мен бастауыш сыныбының мұғалімі ретінде балаларға үнемі түсіндіріп, насихаттап отырамын.

  • Тіл — халық қазынасы. Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте демекші 50 елдің қатарына кіру үшін 3 тұғырлы тілді меңгеру керек. Десекте өз ана тілімізді сыйлап, құрметтеу керек. Сабақтың мақсаты да соған құрылған. Бастауыш сыныбынан бастап осыны дәріптеуіміз керек. Ел болып бірігіп өз тілімізлді жоғары қойып, насихаттауымыз керек. Тіл өлмейтін алтын қазына.

  • Сабақтың тақырыбы қазірде өте маңызды мәселе болып келеді. Сондықтан тақырып маған ұнады және тақырып өте жақсы ашылған. Оқушыларға өте орынды,жақсы сұрақтар қойылған. Сабақта қолданылған көрнекіліктер өте жақсы. Келер ұрпаққа қажет,маңызды тақырып деп ойлаймын.

  • Сабақ жоспары жақсы жалған. Иә, әрине тіл таусылмас қазына. Балаларға, ертеңгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа осындай сабақтар арқылы тілді құрметтеуге үйретуіміз керек.

  • Тіл туралы оқу қызметі маған ұнады.Себебі тақырып толық ашылған, пән аралық байланыс сақталған, ақпараттық технологияны да дұрыс қолданған. Тіл әр елдің мақтанышы.Атадан бала мирас болып қалған мұра .Мұраға ие болатын өсіп келе жатқан біздің сәбилеріміз.Осындай оқу қызметі көптеп ұйымдастырылса балаларға берері мол деп ойлаймын.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!