«Үйлер» жобасы

Тақырыбы: Үйлер Трансдисциплинарлық тақырып : Біздің уақыт пен кеңістіктегі орнымыз

Ортақ ой: Мәдени әсер мен жергілікті шарттардың үйдегі көрінісі

Зерттеу бағыттары: — Адамдарға үй не үшін қажет

— Отбасылық құндылықтар мен жергілікті мәдениеттің үйдегі көрінісі

-Үйлердің өткені, бүгіні және болашағы

-Өз үйімізге қандай күтім жасаймыз

 

Мақсаты:Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру; әр халықтың ұлттық үйлерімен таныстыру, әр түрлі болуының себебін анықтау; үйдің адам үшін маңызын, қажеттілігін, құндылығын білуге, бағалауға тәрбиелеу; баланы граматикалық тұрғыда жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйретіп, сөздік қорын дамыту. Ұжымдық еңбек ету, бір- біріне деген достық ықыластарын ояту.

 

Көрнекіліктер: Әр түрлі үйлер макеті, суреттер, қағаздар, қайшы, желім, ермексаз, таяқшалар, әр түрлі халықтар суреті,

Тәрбиеші: — Балалар, «Әрбір үйде күн ыстық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

— Өйткені, отбасындағы адамдар бір-бірімен тату тұрады.

— Әр адамның өз үйі өзіне ыстық, әр адам өз үйін жақсы көреді.

үйлер, үй

Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?».

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, үй адамға не үшін қажет?

-Үйде тұру үшін.

-Отбасымен тұру үшін

-Үй суықтан қорғайды.

-Қонақтар келу үшін.

-Достарды туған күнге шақыру үшін.

-Демалу үшін.

-Үй суықтан қорғайды.

 

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Үлкен үй, кішкентай үй болсын, әр адамға өз үйінен артық үй жоқ.

Тәрбиеші: Айтыңдаршы, үйлердің қандай түрлері болады?

-Көп қабатты, жер үй, жекежай, саяжай, ағаш үй.

Дидактикалық ойын: «Мамандықтар»

Шарты: Үйді тұрғызатын мамандықтарды табу.

-Үйлерді кімдер салады?

— Құрылысшылар

-Балалар,үй тұрғызу үшін ең алдымен неден бастайды?

-Үй салатын жерді қазады.

Тәрбиеші: Жерді қазғаннан кейін не істейді?

-Үйдің іргетасын цемент, құмды араластырып құяды.

Тәрбиеші: Неліктен, іргестасынан бастайды?

-Өйткені, үйдің іргетасы болмаса үй қисайып, құлап қалады.

-Мықты болмайды.

-Дұрыс айтасыңдар. Іргетасты құйғаннан кейін не істейді?

-Кірпіштен, ағаштан үйдің қабырғасын қалайды.

-Содан кейін не жасайды?

-Үйдің шатырын жабады. (жасайды).

-Балалар барлық үйлердің іргетасы бола ма?

-Жоқ, кейбір үйлерде болмайды.

-Іргетасы болмайтын қандай үйлерді білесіңдер?

-Киіз үй, Шалаш, Иглу, Типпи, Вигвам.

-Балалар, сендер Әлем халықтарының үйлерін біледі екенсіңдер.

-Балалар қазір сендермен « Кім қайда тұрады?» деген музыкалық дидактикалық ойын ойнаймыз.

 

Шарты: Бірнеше әуен ойналады, кім бірінші әуенді табады ,әуен ырғағына байланысты сол халықтың үйінің жанына барып тұра қалу керек. Және сол халықтар туралы мәлімет береді.

 

Суммативтік жұмыс: Балалар екі командаға бөлініп «Қазіргі заманауи үй» және «Вигвам» үйлерін түрлі заттардан/ ағаштан, түрлі түсті қағаздан /құрастырып, жапсырады.

Бағалау: Балалар өзі-өздерін бағалайды. / Оқушы профилі бойынша бағалау/

Балалар нені білу керек:

— үйдің түрлері, үй неден тұрады

— құрылыс мамандықтары,

— құрылыс материалдарының атаулары

Балалар нені жасай алады:

— сурет бойынша әңгіме құрастыру

— сөйлеуде монолог пен диалогты қолдану

— рөлдер бойынша әңгімені мазмұндау

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...


Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!