Жұп дауыстылар

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Сабақтың тақырыбы: Жұп дауыстылар
Білімділік мақсаты: Оқушыларға ұ-ү дыбыстарын меңгерту.

Көрші атам, сәлем бере білейік мәнерлеп оқыту.
Дамытушылық мақсаты: Оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды инабаттылыққа, әдептілікке, отан сүйгіштікке, бір- бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал- мәтелдер, нақыл сөздер, әр түрлі суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап арқылы.

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіңдерме оқушылар.
— Отырыңдар.

Балалар партада отырғанда қол- аяқтарыңды түзу қойып, арқаны тік ұстау қажет. Егер сендер түзу ұстамасаңдар, омыртақаларың қисайып қалады. Сондықтан осы бастан түзу отырып үйреніңдер. Мен сендерге бүгін ана тілі сабағына сабақ берем. Сабаққа керекті құрал- жабдықтарымызды алап сабаққа дайындаламыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Қане балалар үйге берілген 53- жаттығуды орындай алдыңдарма?
-Кім жуан дауысты дыбыстарды атап шығады? (а,о,ы,ұ)
-Ал жіңішке дауыстыларды кім атап шығады ? ( ә,ө,і,ү)
— Жуан және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздер тауып айтып көрейік? (сән, сан, от, өт)
— Балалар мен сендерге өткен сабақта «О, қорқайын мен неге » өлең жолдарын мәнерлеп оқуға бергем.
-Қане,кім менерлеп оқып береді ?

Карточкамен жұмыс. Карточкада өткен тақырыптарға байланыста 3 сұрақ қамтылаған. Ол сұрақ оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендіген тексеруге арналған сұрақтар.

— Ал енді балар карточкамен жұмыс істеп болсақ, мен сендерге бірнеше сұрақтар қойамын. Соған мұқият түрде жауап берейік. Қана түгелдей сабаққа белсенді түрде қатысып отырайық.

Сұрақ- жауап арқылы. Қане оқушылар мына сұрақтарға жауап жауап беріп көрейікші.
1) Буын дегеніміз не?
2) Қандай сөздер буынға бөлінбейді?
3) Әліппиде неше әріп бар?
4) Олар қалай орналасқан?
5) Тасымал дегеніміз не?
6) Сөзді қалай тасымалдауға болады? т.б.

— Өте жақсы балар сұрақтарға жақсы жауап бердік. Үй тапсырмасына жақсылап дайындалып келіппіз. Енді жаңа сабақты бастайық.

III. Жаңа сабақ.
— Түгелдей дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді тақырыпты жазып қойайық.
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз- сәлем бере білейік. Түгелдей кітапты ашып мұқият түрде қараймыз.Мен сендерге «сәлем бере білейік» өлеңін жақсылап оқып берем, содан кейін бәріміз бірігіп оқимыз. Сонда балалар мына өлең жолында үлкенге және кішіге қалай сәлемдесу керек екені айтылған екен. Қане кім айтады алдымыздан үлкен кіші шықса қалай сәлемдесеміз.

жұп дауыстылар деген не.Яғни, сәлеметсізбе деп айтады екенбіз. Сәлем беру ол әр адамның міндеті. Біз бір адамға сәлеметсізбе десек ол өзі үлкен құрмет. Сәлеметсізбе деген сөздің мағынасы өте кең. Яғни біз осы сәлемдесу арқылы ол адамның денсаулығын, тұрмыс- тіршілігін.Жанұя жағдайын біле алады екенбіз. Қазақта мынадай мақал бар ғой: Сәлем — сөздің анасы бұл сөз бекерден – бекер айтылмаған оның маңызы өте зор. Қане түгелдей тақтадағы суреттерге қарайықшы.
Мысалы: атамен- сәлеметсізбе. апамен- сәлеметсізбе. мұғаліммен – сәлеметсізбе деп амандасады екенбіз. Балалар естеріңде болсын үлкенге, кішіге амандасу сендердің міндеттерің болып табылады. Сендердің амандасқандарың құрмет көрсеткендерің болып табылады. Балалар естеріңде бар ма мына мақал: Үлкенге – құрмет, кішіге-ізет. Бұл мақалдың тереңіне үңілетін болсақ , бір тәрбиелік мән бар екенін ұғамыз. Яғни үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу.

— Енді балалар бойымызды сергітіп болсақ кітаптағы тапсырманы орындайық.
Кітаппен жұмыс. Түгелдей кітабымызды ашамыз. Кітапта берілген тапсырманы орындаймыз. Яғни мақал- мәтелді жалғастыру, жұмбақты шешеу, әр түрлі тапсырмалар. Тапсырманы түгелдей дәптерге жазамыз. Мен артынан тексеріп шығамын.

— Енді балалар кітаптағы тапсырманы орындап болсақ біраз бой сергітіп алайық.
Үлкенге де біз! Тербеледі ағаштар
Кішіге де біз! Алдымнан жел еседі
Бар әлемнің баласын Кіп- кішкентай балалар
Құрметтейміз біз! Үп- үлкен боп өседі.

IV. Қорытынды жұмыс.
— Балалар мен сендерге бүгінгі өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойамын, сендер сол сұрақтарға жауап беріңдер. Сонымен үлкенге және кішліге қалай амандасу керек екен?
— яғни сәлеметсізбе!
Үлкенге және кішіге құрмент көрсету біздің неміз болып табылады?
— біздің парызымыз болып табылады екен.
— Өте жақсы . Сабақтың тақырыбын жақсы меңгеріппіз.

V. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар өте жақсы деп бағаланады. Бәріміз де жақсы қатыстық. Өте қабілетті оқушы екенімізді көрсете білдік.

VI. Үйге тапсырма.
— Қане балалар түгелдей күнделігімізді ашамыз. Үйге тапсырманы жазамыз. Үйге бүгінгі өткен тақырыпты жақсылап оқып, жаттап келеміз. Келесі жолы сабақта сұраймын.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Загрузка...

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Похожие статьи

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!